[:kz]
Орал өзенінен 9,9 тонна өлі балық табылды. Олар желтоқсан айының алғашқы жартысында өлген деген болжам бар. Балықтардың қырылу себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр. Ал президентке петиция жолдаған Атырау тұрғындары жағдайды анықтауды сұрайды.
ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР, НӘТИЖЕСІ БЕЛГІСІЗ
Желтоқсанның 25-і күні Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тағы парақшасында Орал өзенінен 9,9 тонна өлі балықтың табылғаны туралы жазды.
Мекеме қызметкері өлі балықтар арасында торта балық, ақтабан, мөңке мен бекіре болғанын хабарлады. Ділдахметтің жазуынша, алғашқы зерттеу нәтижесі судағы хлорид мөлшері рұқсат етілген шамадан 1,5-2 есе артық екенін көрсеткен. Балықтардың қырылу себебі су мен «жансыз балықтардан» алынған сынаманы зертханалық тексеруден өткізген соң яғни, желтоқсанның соңына дейін белгілі болмақ.
azattyq.org/
[:]