ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Реферат
Тақырыбы: ______________________________________________
Орындаған:_____________________
_____________________
Тексерген: _____________________
Астана 2009
Жоспар
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар………..3
- Есеп саясатының мазмұны……………………………………………………………6
- Есеп саясатын дайындау………………………………………………………………8
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………..10
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
— 3 —
- Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
- Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.
- меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- 4 –
- материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
- 5 –
- Есеп саясатының мазмұны
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу.
- 6 –
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- Нормативтік әдіс (нормативный),
- өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
- тапсырыстық әдіс (позаказный),
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы. Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:
- нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяақталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар б/а есептеледі.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қ.Р-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммециялық құпия болып табылады.
— 7 —
3.Есеп саясатын дайындау.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
- жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындарған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік
бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ. — 8 –
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
— 9 —
Пайдаланған әдебиеттер
- Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов
Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері
Алматы 2006 жыл
— 10 —