АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.

Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып  қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.

Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.

Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған  бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.

Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің  90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін  иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып  қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.

Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның  тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес.

Гашиш – қара базарда жасырын сатылатын есірткінің бір түрі. Ол дүниенің көп аймағына өсірілетін ұрғашы Үнді сарасынан тамыры, жапырағы және гүлінен алынады. Есірткілік әсер туғызушысы өсімдіктің құрамындағы делта-9 – театрагидроканнабинол. Оның кепкен жапырағын орып темекі түрінде тарту кең етек жайған. Батыста марихуана атымен кең тараған үнді сорасының басындағы жапырақтары кептіріліп темекі түрінде тартылуы АҚШ-тың жастары арасында  50-70 пайызға жеткен. Сыра ішуші алкаголь ішімдіктеріне неғұрлым жақындай түссе, гашиш те героин, кокаин тектес күшті есірткілерге «жасыл көше» ашады. Гашиш қолданушылардың көзіне төбешіктің тау, көлшіктің көл болып,  керісінше де кішірейіп көрінуі мүмкін. Миға зақым келеді, сондықтан да жол оқиғасына ұшырауы мүмкін. Гашиш шегушінің сол  мезетте-ақ жүрек пен тамыр соғуы артып жоғарлайды. Созылмалы қан тамыр тұрақсыздығы (инфаркт) бар сырқаттың тамыры бітелуінің бір себебі осыдан. Көп уақыт апиынға салынушылардың тыныс жол зақымдануынан жүрек, ми, бүйрек зардап шегеді. Гашиш денсаулықты бүлдіріп қана қоймай жүйкеге әсер етіп, ашушаң да етеді. АҚШ-тың есірткі басқармаларының мұрағаттарында марихуана салдарынан жасанған сансыз қылмыстардың тізімі сақтаулы. Медициналық мақсатқа қолданылмайтын апиынды пайдалану адамды жындандырып тікелей, өліміне де себепші болған талай жағдайлардың жай-жапсары онда жан-жақты баяндалған. Оның әрбірінің себеп, салдарын терең зерттеп, ашар болса кім-кім үшін де тағлымы аз емес.

Кокаин – Оңтүстік Америкада өсетін кокан өсімдігінің  жапырығынан өндіріледі. Мөлдір тұз сияқты ақ үнтақ. Шамамен 200 кг қоқа жапырағынан жарты кг кокаин алынады. Оны пайдаланушылар ұнтақ күйінде иіскеп, елтиді немесе суға ерітіп, қан тамырына егеді. Оның әсері іле-шала сезіледі: орталық жүйке жүйесі арқылы жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы жоғарылайды, тыныс тарылып, ауа жетіспеіді. Есірткі пайдаланушы соның салдарынан өзгені де, өзін де «ұмытып», уақытша бір «рахатқа» батады. Мөлшердің артығрақ қолданса, сол «рахат» денесінің бақилыққа жол таратады. Мұндай жағдайдың жиі қайталануы есірткіге елетушілер үшін анау айтқан жаналық емес, оған еті де, құлағы да үйренген.

Кокаинға салынушыларға ұықысыздық, рухани жұтандық,  өзіне-өзінің қол салуы сияқты келенсіз құбылыстар көбіне көп тән. Есірткінің жүрек еті мен сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне тигізер уытты әсер ықпалы басым.

Крак – кокаиннің көбейтілген арзан түрі. Ұзақ уақыт зерттеген мамандалдың пайымдауынша кокаин героиннан да заянды болса, ал арақтың зардабы одан да үш есе екен. Искелмейді, темекі түрінде тартады. зиянының күштілігі сондай өлтіріп те жібереді. Ұзақ уақыт оны шегушілердің арасында рухани жұтандыққа ұшырап, ақыл-есінен айырылып, жынданушылар аз    емес көрінеді.

Көпшілік арасында тек апиын, морфий, героин, кокаин секілді есірткі түрлері ғана құмарлыққа апарып соқтырады деген пікір қалыптасқан. Шындығы да солай. Бірақ медицинада қолданылатын кейбір дәрінің де жөнсіз жиі пайдалануы құмарлыққа салындыратынын ұмытуға болмайды. Оған нақты мысал керек пе? Ол біреу ғана емес бірнешеу. Атын атап, түсін түстелік. Біріншісі – нендей сырқаттың да алдын алу үшін қолданылып қолдан-қолға өтетін —  амфетамин! Операция жасалатын дененің бөлігінің жансыздандырып сырқатты  тыныштандыратын – гипноседатив дәрісі. Бұлардың   түрі көп. Қоздырғыш дәрілер аурудың алдын алуға қолданылады. Орталық жүйке жүйесіне ескерту беретін ерекшелігі жадымызға түйелік. Оның бір тобы – амфетаминдерді спортшылардың өзіне пайдалануын допинг дейді. Іс-әрекеті анықталғандарын жарысқа қатынастырмай, масқаралап, саптан шығарып тастау оқиғаларын баспасөз жиі жазып жүр. Бұған нақты мысал келтірудің қажеті бар ма? Медицинада ұйқысыздыққа қалжырау мен әлсіздікке қарсы емдеуге қолданылады. Семіздіктен арылуға да бұл қоздырғыш дәрінің емдік қасиеті бар. Өз орнымен қолдануына  тиесінше көңіл бөлінбесе, тым жиі әрі ұзақ уақыт пайдалану әдеттегі үйреншйкті дағдыға айналып, құмарлыққа соқтырса, қайғы-қасірет дегеннің өзі де нақ осы.

Аталмыш дәріден қол үзбеушілер арасында  ашушандық, рухани тұрақсыздық, көңіл күйдің ауытқушылығы қылмысқа бейімделу, өзіне қол салуға ыңғайлану, ең әрісі кісі өлтіру де байқалуы көп жәйттен хабар берсе керек. Кей-кейде  «бір қораптағы ұйқы дәрісін бір-ақ ішіп алып өліп қалыпты» дегенді де құлағымыз шалып қалып жүр. Мысалы АҚШ-та улы заттарға құмарлықтан өлгеннің 30 пайызы гераиннің, 7 пайызы ұйқы дәрісімен жасанды тыныштандырушы диязепамның үлесіне тиетіні анықталған. Ал, өзіне-өзі қол салуынан өлгеннің 8 пайызының  есірткілердің бірін пайдаланғаны 15 пайызының жасанды тыныштандырушы пайдаланған адамдардың басқаның, содан өз ажалын тапқанын көрсетеді.

Бізде есірткінің бірнеше түрі бар. Апиын, гашиш, героин, кокаин, морфий т.с.с аталып кете береді. Бәрі де отбасына қасірет-қайғысын қоғамға залаларын әкелуде. Әсіресе саны аз біздің ұлт үшін  аса қауіпті індет. Оның шырмауына түсіп, шыға алмай қалған жастардың тағдыр-талайы жүректі күрсіндіреді. Ұрпақты аздырып,     тоздыратын дертке дауа бар ма?  Онымен күресуде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де ай қарап отырған жоқ. Есірткі тасушылардың  жолын кесіп, қаншама  тәркілеп заң жүзінде жазылса да олардың тасқыны толастар емес. Қайта есірткі өткізудің неше алуан түрлі айла тәсілдеріне көшуде. 

Ислам оқымыстылары опиум, героин сияқты улы есірткілердің денеге, ақылға, дінге және мінез құлыққа тигізген зардабы туралы «арақтан да өткен сорақы», деп бірауыздан өз бағасын берген. Оның кейбірі есірткіден болатын зиянның  120 түрден асатынын жеке-жеке талдап көрсеткен. Мұхаммад (ғ.с) пайғамбарымыз өз хадисіне « Мас қылатын барлық нәрсе арам», деп біржола тыйым салған. Мас болған адамның өз сөзі мен іс-әрекетіне есеп бермей, адамгершіліктен шығып кетеніні бұған басты себеп болса керек. Қолданылуы арам болған есірткінің өндірілуі мен сатылуының да дүние жүзі бойынша заңнан тыс деп жарияланып, оған, қарсы жалпы халықтық аяусыз күрес жүргізілуі тектен-тек емес. Сол  күрестің әр елде әрқалай жүргізілетіні өз алдына  әңгіме. Құран иен Шариғатты мемлкеттік заң дәрежесіне  көтерген Иран Ислам Республикасында есірткіні тұтынушы да, өндіріп, сатушы да ең ауыр жазаға —  өлім  жазасына кесіледі. Үкім кешіктірілмей халық алдына жүзеге асырылады. Оны көрушілер есірткіге жуымайды.

 

 

 

Есіркі қайдан шықты?

 

Бұл мәселемен поляк дәрігері Станислав Гурски  көп жылдардан бері ғылыми түрде айналысып келеді. Ол:  «Есірткінің шығу тарихы тереңде. Көне заманның шығармаларына көз жүгіртсең,  ара-кідік есірткі пайдаланушылар  жайында да айтады. Ондай мысалдары  Гомердің «Одиссейінен» және үнді халқының әлімсақтағы  жазбаларынан көруге болады. Сол кезде-ақ  адамдар оны жүйелі түрде  пайдаланып,  әрбірден соң  тұрақты дәстүріне  айналдырған. Ежелден есірткінің  «алтын үшбұрышы» аталған Тай елі, Бирма, Лауоста әлі күнге дейін пайдаланудың ескілікті дәстүрі сақталуда. Сондай-ақ  Жапония, Қытай, Түркия, Үндістан және бірқатар Араб елдерінде  бұрыннан ақ бар. Ал Еуропа елдерінде бұл негізінен екінші дүниежүзілік  соғыстан кейін көп тарады. Әуелі оны  денедегі ауру азабын уақытша болса да басу үшін, тозған жүйкені  сабырға түсіру үшін дәрі ретінде қолданса,  алпысыншы жылдардан кейін мүлдем басқаша сипат алды.  Жастар уақытша болса да рахат сезімге бөлену үшін пайдалана бастады. Есірткінің барлық түрлерін жеткіншектердің жаппай пайдалануы әуелі Америкада, содан соң Еуропада кең өріс алды». – дейді.

Кейбіреулер Колумбия мен Ауғаныстанды есірткінің отанына байлайды. Олар есірткі сатып, пайда табуды әлемдік бизнеске айналдырған дейді. Алайда біз оларды жөн-жозықсыз  қоштап, есірткінің ошағы соларда деп, пәледен ат тонымызды алып қашып, бар кінәні біреуге арта салғаннан не ұтамыз? Жамбыл облысындағы  Шу өңірі жаман атымен әлемге танылып отыр. Шу қарасорасынан жасырын түрде есірткі  өндіріп,  жастардың санасын улап, денсаулықтарын бұзып, жарымжан етіп жатқандарды қалай атап кетуге болмайды? Тәуелсіз телеарналардың бірі Солтүстік облыстардың  біріндегі шағын бір ауылдың  80 пайыз тұрғыны есірткі пайдаланатынын хабарлаған.

Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ал Сонымен қатар, мұндай зерттеулер жүргізілген нашақорлықтың медика әлеуметтік мәселелерін зерттейтін республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты тіпті басқаша болып қалыптасып отыр. Олардың жас мөлшері 17 мен 26 жас аралығында екенін қаперге алар болсақ, онда жалғыз Қазақстанның сыртқы фактормен жалғыз күресуге шамасы жетпесі айдай анық.

 

Нашақорлық- қылмыс пен қауіптің ошағы

 

Еліміздегі есірткіге байланысты қылмыстарды сараптап, талдай қарасақ, оның саны жылдан жылға артып, әсіресе, жастарымыздың арасында бой бермес белең алып бара жатыр. Адам баласының жастық жалынын жаулаған есірткінің салар дерті тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттердің де жұлынқұртына айналып отыр. Сондықтан оған бүкіл әлем жаһандану арқылы да күрес жүргізуді ойлайды. Бірақ әзірге есірткіге тосқауыл қою оңайға түсіп тұрған жоқ. Кез келген адам бұл кеселдің қауіпті екенін жақсы біледі. Әйтсе де соған саналы түрде барған жанның сол тозақтан қайтып саналы түрде шыға алмай қалатыны – нағыз қасірет. Мемлекетімізде жастардың есіртекі дертіне ұшырамас үшін түрлі сақтандыру  шаралары қолға алынып жатыр.Соның бірі жоғары оқу орындарындағы студенттерді арнайы тесттен өткізу болып табылады. Оның мақсаты – негізінен жастарымыздың балғын кезінен есірткіге қатысы бар ма, жоқ па, соны анықтау. Араларында қатыстылары шығып жатса, оларды дер мезетінде пәледен аулақ әкетуге  қолұшын беріп, көмектесу ұтымды болмақ. Демек, есірткімен күресудегі барлық тәсіл тиімді. Дегенмен, сараптау нәтижесіне қарасақ, елімізде 1996 жылға дейін есірткімен ешқандай күрес жүргізілмеген сияқты. Өйткені, бұған дейін республика бойынша  героинге байланысты бірде-бір дерек анықталмаған және есепке есірткі тұтынатын 20 мыңдай адам ғана тұрыпты. Ал қазіргі кезде ол сан 50 мыңнан асып отыр. Оның үстіне, еліміздің әр түпкірінен героиндер қаптап алынып жатады. Ал халқаралық  ұйымдардың Қазақстанда жүргізген сараптамасына қарағанда, есірткіні пайдалану қолдағы деректерден 5 есе көп екені байқалды. Сонда,  шындықты жасырмай айтатын болсақ, халқымыздың 1,7 пайыздан астамы нашақорлар болып шығады.

Бірақ біле білсек, негізгі есірткіні пайдаланғандармен емес,  сол есірткіні заңсыз өндіретіндер мен жасырын тасымалдап, айналымға  жіберетіндер секілді тасада қалатындармен жүргізілүге тиіс. Есірткіқұмарлар қылмыскерлер емес, олар шындап келгенде – ауру адамдар. Сондықтан оларды қудалау емес, қайта ем көрсетіп, науқасынын айығуына көмектесу  қажет. Көптеген жастар  бір сәттік ләззат үшін  кішкене мөлшерде есірткі пайдаланғанның зияны жоқ деп есептейді. Бұл мүлде қате пікір. Бір рет пайдаланған адам оны екінші рет міндетті түрде тағы қолданады екен. Одан кейін оның қуатын, яғни әсерін күшейту үшін  мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, адам ағзасының  қасиетіне сай, ол есірткіге дағдыланған сайын құрамын да түрлендіріп, мөлшерін де ұлғайтуды тілей береді. Ақырында адам есірткіге бүкіл жан тәнімен саналы түрде байланып, тәуелді болып қалады. Мұндай жолға түскен адамдардың кейбірі енді  өздерінің өлетіндігін сезген кезде наркологиялық орталыққа сүйретіліп келеді. Іштерін, қан-тамырларын тазалап денсаулығын түзетіп алған соң, үйреншікті әдеттеріне қайта басады.

Қазақстан, Еуропа және Азия мемлекеттерінде есірткі ахуалының барысын анықтайтын криминогендік  фактор Ауғаныстандағы есірткі өндірісі бизнесінің дамуы болып табылады. Қазір еліміздегі сауда саттықта нашақорлардың пайдаланатын героиннің бәрі Ауғаныстаннан келіп жатыр.

 

Ал есірткі негізгі  күнкөрісіне айналған ауған халқы да оны өсіруді оңайлықпен қоя қоюуы екіталай. Кейбір мәліметтерге қарағанда, мұндағы жағдайды реттеуге кем дегенде 20 жылдай уақыт қажет екен. Өйткені, қазіргі Ауғаныстан басшысы өзі есірткі өсірушілерге тыйым салуға бата алмай отыр. Себебі, мұндағы  күштеп жою операциялары басталысымен елде үкіметке қарсы табанды толқулар орын алуы әбден мүмкін.

Қалай болған күнде  есірткі заттарын анықтау техникалық жарақтарсыз жүзеге аспасы түсінікті. Мұндай кемшіліктің орнын толтыру мақсатында Еуропа одағының Орталық Азиядағы нашақорлықпен күрес орталығының арқасында бірқатар әуежайлардағы кеден және шекара қызметкерлеріне  тексеріс құралдары табыс етілді. Ауған есірткісінің Орталық Азия аумағы арқылы  Еуропаға жетіп жататынын ескерсек, онда мұндай көмек арта берері түсінікті.

Нашақорлық әруақытта есірткі бизнесінен бастау алады. Сондықтан оның түптамырын, бастау шегін ауыздықтауды үздіксіз жүргізуді кімде-кім қолдайтындығы сөзсіз.  Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы да күресуде. Бұл бағытта біздің елде де айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс  Азия, Ауғаныстан елдерінен Ресейге, одан ары Батыс еуропаға асырылатын есірткілер қазақ жері арқылы тасымалданады.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында шығарылған қорытынды бойынша 17 есірткі арнасының түбіне балта шабылған. Осының нәтижесінде  есірткіні табыс көзіне  айналдырған 30 қылмыстық топ ауыздықталған, 92 қылмыстық іс қозғалып, оған қатысты 106 адам ұсталған. Алынған олжа: 2,8 тонна есірткінің 121 кг героин, 1,7 тоннасы марихуана, 20,6 кг опиум, 33,1 кг гашиш. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда үш еседей көп. Қазақстан әзірше транзиттік ел ретінде қарастырылуда. Алдағы бірнеше жылдан кейін кәдімгі наша тұтынушы елге айналмасына кім  кепіл.  Бұдан оншақты жыл бұрын Ресей қалалары да тек транзиттік рөл атқаратын. Ал қазіргі жағдай керісінше. Ауғаныстаннан асып келген  героиннің басым бөлігі Ресейде шөгіп қалады. Яғни тұтынушы бар.

Иран Ислам Республикасында есірткіні өндіруші де, таратушы да, пайдаланушы да қатаң жазаланып, өлім жазасына кесіледі екен. Және  сол жаза халықтың көз алдында  орындалады. Сондықтан Иранда нашақорлар саны жоқтың қасы. Ал еуропаның кейбір елдері бұл мәселені басқаша тәсілмен шешуде. Солардың бірі – Финляндия. Өркениеттің биік сатыларына көтерілген ел. Мүнда есірткі тұтынушылардың түгелге жуығы есепті тіркеуге алынып, оларды белгілі бір мөлшерде ғана есірткі сататын дәріханаларға бөлген. Біздердегідей есірткі әсерінен жасалған қылмыскерлер мүлде аз. Ал біздің елде есірткі тұтынушылар жасаған қылмыс өте көп. Оның себептерінің ең бастысы отбасындағы әлеуметтік,тұрмыс жағдайы айтарлықтай төмен, халықтың сана-сезімі өркениетті мемлекеттермен салыстырғанда олардағыдай жетілген жоқ.