АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. «Қамар сұлу » романын образдар жүйесі бойынша талдау

                                     Қамар сұлу

          С.Торайғыровтың   «Қамар сұлу» (1914)    романы – революция  алдындағы қазақ  әдебиетінде  көрінген  тұнғыш  реалистік   шығармалардың  бірі . Ол  эпостық    жанырдағы  үлкен  туындыға  жатады.    Көбіне  прозамен  жазылған.   Шығармада  белгілі   бір  дәуірдің  немесе  заманның  тұтас   өмір  суреті  қамтылған .

             Образдары.      Романның  образдары  сол  кездегі   әлеуметтік  ортаға  сай    автор  көзқарасы  бойынша  ұнамды ,  ұстамсыз  мінезде  тұрмыс , сана ,  мүдде  жағынан   бір-біріне мейлінше  қарсыластырған . Жазушының  кімдердің  талабын  ұнатып ,  кімдердің  ісін   ұнатпайтындығы  ,  шығарманың  тұтас   идеясы  сол   қарсыласудан ,образдар   тартысынан  келіп  туады . Мысалы «Қамар сұлу» романындағы  ұнамды  образдарға  халық  арасынан  шыққан  Ахмет , Қамар,  соларды  толықтыратын Омар , Хасен , Жәуке бейнелері  жатады . Ахмет пен  Қамар  оқыған , ескі салтқа  қарсы  күресіп , өздерінің  бас  бостандығын  іздеген озат,   жаңашыл  жандар . солардың  әділ  талабына  жол  бермеушілер – бай , болыс ,  қажы ортасынан  шыққан  Оспан би ,  Қалтан  қажы , Жорға  Нұрым,   соларды  толықтыратын — Әбділда ишан , Бәйтік молда ,  Көңілбай бақсы .  Бұлар  қнамсыз  бейнеге   жатады .  Қамар  мен Ахметтің  қайғылы  халіне  сол  кездегі  жағдай ,  әдет-ғұрып  айыпты  десек ,   Оспан ,   Нұрым  , Қалтандар   сол  ескі  салттың   бнлді  өкілдері .

          Ахмет   бейнесі.   Романдщағы  ісі  әділ ,   талабы  прогресті , ұнамды , халықтың  басты  бейнелердің  бірі – Ахмет . Өзінің  шыққан  ортасы ,  тегі  жағынан  ол  кедей . Бұл   реттен  ол  С . Көбеевтің  «Қалың  мал » романындағы  кедей  жігіт Қожашқа    ұқсас .  Бірақ  Ахмет   қарапайым  ауыл   жігіттерінің  бірі  ғана  емес  , оқыған-тоқығаны  бар   саналы  жастар  дүниесінің   өкілі .

          Автор  оның  жайын  былай  суреттейді : « Сарыбас  деген  ауылда  Жәуке  деген  кғісінің  оқу  соңында  жүрген,   баласы  бар  еді . Жәуке  өзі  нашар  кісі  болса да ,  тапқан – таянғанын  жалғыз  ұлы  Ахметтің  оқуына  салып ,   жасынан  олай  сүйреп, былай  сүйреп   жүріп,  әйтеуір  « молда»   атына  іліктіріп  еді .   Бертін  келген  кездерде  ол  бейнеті   босқа  кетпей , ахметтің  арқасында  аузы  асқа ,  тақымы  атқа  тиіп ,  есіктегі  басы  төрге  жетті . Аса  байып  кетпесе де ,  өзіне  өзі тоқ , жақсы  ғана  ауқатта   бітті », — дейді .

          Бұдан  көретініміз : Сарыбай  ауылы  ежелден  кедей , сол  үшін  кем  саналған   орта  бола  тұрса  да , Жәуке  заман  талабы ,  оқу –білімге  бет  бұрып ,  баласын  қазақша ,  орысша  оқытқан,  тұрмысы да аздап  тәуірленген  кедей  шаруа . Ахмет  бай  ауылдарда  жаданып,  жастарға  білім  беріп,  мұғалім  дәрежесіне  жеткен  адам .  Күнкөрістің  осы  бір  жаңа ,  мәдени  жолын  дәріптеуде   демократиядан  шыққан  интеллиген  мәселесін  тұңғыш  рет  әдебиетке  түсіріп ,  солардың   адамдық  прозасын  жақтауда  үлкен  бір  жаңашылдық  ,  ағартушылық  идея сының  таңбасы  жатыр . Өйткені  бұған  дейін   қазақ  әдебиетінде оқыған,  ойлы  да  жаңашыл  жастардың  бейнесі  болмаған  еді .

          Ахмет  кедей  отбасында   өссе  де , жасында  білім  алған ,  жақсы  тәрбие  көрген  адамгершілігі  мол жас. Ақыл  есінің  жетілгендігінің  үстіне   тілге  шешен ,  ісі  мен  мінезі жағынан  жастарға  өнеге ,  елге  үлгі  болған  жас,  суырып  салма  ақын .   Елдің  көзін  ашу  үшін  ол  той- думанда  газет, журнал  оқитын,  мәдениетке  берілген  адам . Ел  оны  мақтайды .  Бай  балалары : « сонша  кептіріп  неме  керек ,  кешегі  мұрнынан  боғы  аққан  Жәукенің  баласы  емес  пе ? »  деп  күндесе де , ел : « оқыды  деп  Жәукенің  баласын  айт ,  әне  солай  болсайшы »  деп ,  оның  оқығандығын ,  табиғатындағы  өзгеше  сипатын  дәріптейді . Автор  оның  ішкі  мінез-құлқымен   бірге  сыртқы  портретін де : « Сұңқардың  баласындай  бітімі  жақсы ,  көзге  түсерлік  көркі  де  бар »  деп  шынайы  суреттейді .

          Өзінің  тәрбиесі .  білімі ,  саналығы  жағынан  Ахмет « малға  мастанған ,  мұрындықсыз  жел  басы »  кеткен  бай  балаларына  ,  надан  ауыл  жігіттеріне ,  баяғы   Әжібайға  да  қарсы  қойылған .   Өйткені   Ахмет  олардай  өсек – аяңды ,  жамандықты ,  надандықты  үрдіс  етпейді .  Пайдалы  еңбек  істеп ,  ел  баласын  оқытады . Мұның  сыры « Жақсыдан  жаман  туса — емі жоқ ,  жаманнан  жақсы  туса —  теңі  жоқ»  деген  мақалда  ғана  емес , Ахметтің « олар  жүрген  бұзық  жолда  жүрмей ,  соларға  жолдас  болмауы ,  жақсылыққа  бастауы ,  жамандыққа  бастауында » еді . Сөйтіп  Ахметтің  алғаш  тартысқа  түсетін  ортасы  алдымен  бай  жастары  болып  көрінеді .   Олар  күндеп , «  жарбаңдап  алдынан  шыға  береді ».  автор  адамның  жақсылығы  оның  байлығында  емес , саналылығында ,  халыққа  жақсылық  ойлауында  демекші .

          Бара-бара  надан  бай  жастары  мен  саналы  кедей  Ахмет  арасындағы  осы  қайшылық  ұласып ,  енді  ол  Оспан би , Қалтан  қажы , жорға  Нұрымдар  ортасымен  де  тартысқа  түседі . Ахметтің  тәрбиесі  ауыл  жастарына  қарсы  қойылса , іс -әрекеті , ой-санасы ,  талабы  бүкіл  ескі  салтқа  қарсы  бағытталған . Ол  үлкен  қоғамдық  тартыстың  басы Ахметтің  бай  қызы Қамарға  ғашық  болып , хат  жазуы  еді . Ахмет білім  алған ,  қоғам  өміріне  орын  тапқан  озат  адам   бола  тұрса да , осы  тұста оның  адамдық  хұқыны жоқтығы  , бай  ортаға  өрісінің  жетпейтіндігі  байқалады . Бұған  оның  тегі , кедейлігі  себеп  болған .

          Ахмет  басындағы  осы  теңсіздікті  автор  бір  жағынан   манағы  бай  жастары  мен Ахмет  арасындағы  қайшылықты  дамыту  жолымен , екінші  жағына оны үлкен бай  ортамен қиян- кескі  күреске  түсуімен көрсетеді . Ахметке  өшіккен күншіл , өзімшіл  бай  жастары Қамарға  хат  жазып , еш  нәрсе шығара  алмаған   соң , күні-түні  ол  сол ауылды  торып ,  ақырында Ахметтің  Қамарға  жазған  соңғы  хатын  ұстап  алады .  « Өлгені  тіріліп , өшкені жанғандай  қуанып  шуласты да  қалды »  дейді  автор . Енді  олар  өсек  таратып  Қасенді   қаужайды .  оған  достық ниетін  білдіргенсіп ; « Төсегіңді  тілді , күле  кіріп  күңірене  шықты  деген  осы », -деді . Хасен  сөзге  ермеген соң ,  « ұрынуға  қара  таба  алмай , ермек  қылуға  жара  таба   алмай , жүрген өңкей  немелер »  бұл  өсекті  Оспн би мен Қалтан , Момын бай Омардың  дәулетін  іштей  көре  амайтын . Сол  ашуын  Ахметтен  алып : « Қап бәлем , саған  қылмасам  өлген  әкемнің  көріне  кетейін», — деп тістеніп ,  үйіне  сыймай , көпірсіп  жатып ,  ертеңіне : « Ахмет  секілді қортық  атанып баласы шынжыр балақ , шұба  төс Омарларға  қол  созды  деген хабар не  сұмдық»  деп долданады.       « ауызға  тым  ілігіп  кетіп  еді , тіл-сұқ  шыдатама ?  » — деп , жәукені де  табалайды .  Арадағылар  Оспан мен Омарды  жауықтырып , етке  тоймақ болады . Бірақ , ақылды , турашыл    Омар  оған  қызбай , жұрт  енді  оларды  табыстырмақ     болған . Бір күні  Хасен мен  бірге  жүрген  Ахметті  көріп , Оспан  Хасенді  сабап , араздық  тағы да күшейеді .   « Дүрілдеген  өсектер  судай  ағылды .  Әй  несін  сұрайсың ? Жыпылдақтардың  күні  туды ».   Олар  жалғыз  емес , « пышағын  жалақтатып , көздерін  алақтатып ,  иіс-қоныс   аңдып  отырған    отағасылардың  әбден  тілегі  бола  қалды »,- дейді  автор .

          Оспан  би  Жәукенің  аулына  топ  жинап   барып ,  оған  200  сом    айып,  18  ай  абақты  кеседі .   сөйтіп ,  Ахмет  өзінің  адамдық  прозасын  іздеймін  деп ,  феодалдық  қоғамнан ,  оның  таптық  прозасынан  кемдік  көреді , соққы  жейді.

          Ахмет  басындағы  теңсіздікті   түсіну  үшін  ескі  ауылдың  әдеп –ғұрып прозасындағы  ұғымдардың  таптық  сырын  танып ,   білуі  қажет .  Ол  кездегі  феодалдық  право  адамның  жеке  басының  қасиетіне  емес ,   олардың  дәулетіне ,  әлеуметтік  қаліне  қарай  белгіленген .   Қоғам  « ақсүйек », « қарасүйек »  болып  екі  үлкен  жікке  бөлінген . « Ақсүйек »   болу  үшін   оның  не  төре ,  не  қожа ,  не  жеті  атасынан  бері  тұқымынан  кісілік пен  байлық  арылмаған   жуан  тұқым  болуы  керек  болған .   Бай- шонжарлар  кейде  тіпті  сауда  жолымен  байығандарды да «тексіз » деп ,  ақсүйектер  санатына  қоспаған . Осыдан  келіп  олар  кедейге де ,  жазаласа  тіпті « қара таяқ »деп ,   кедейден  шыққан  оқығандарға   да қыз  бермеген . Бай  қызына  қол  созған  Ахметтің   әлеуметтік  халіндегі  правосыздық  осыдан туған .

          Феодалдық  прозаның сол  таптық ,  кертартпа  нормасына  ғылым- білімді  қарсы  қойған  автор ,  Ахмет  бейнесі  арқылы  қоғамдық  правоның  ұйытқысы  байлық  ,  дәу лет  теңсіздігі  емес ,  адамның  жеке  басының  қасиетінде ,  адамгершілікте деп ,  өз  кейіпкері  феодализм  салтымен  тартысқа  түседі . Ахмет  тұлғасының бүкіл  ескілік  дүниесінен   бөлінетін  өзгеше сипаты ,  азатшылдығы , жаңалығы ,  типтілігі осында .

          Ахметтің  тұлғасы  ғана  емес ,  талабы да жаңа .  Сол  талаптың  бірі —  елді  мәдениетке  бастау  болса ,  екіншісі —  еңбекші  халыққа  деген  жылы жүрек ,  достық  ниет ,  әсіресе  қазақ  қыздарының  бақытсыздығына  қарсы тең  правалы  махаббатты ,  адам  еркіндігін  жақтау . Қамарға  ол  әйел  правосын  аяққа  басып  үйренген  бай  балаларынша  өзімшілдік ,  желбастық          түрінде  емес ,  нағыз  адамгершілде , ақыл сезім ,  достық ниетінде  ғашық болады.  Ол Қамарды сүйсе де , берер малы  болмаған соң ,  өсекке ұшыратпауды ойлайды .    Бұл  оның жүрек  тазалығының  белгісі еді .  Бірақ  « Бірақ таң  атпайын  десе де  күн  қоймайды »   дегеннен  кері  келіп ,  хат  жазады . Бұлар  екі-үш  мәрте хат  алысқандағы байқалғаны :  қыз да ,  жігіт те  бірін-бірі  сүйеді .  Соңғы хатында Қамар :

                                       Құп алдым ықыласыңды , замандасым .

                                       Белгілі  сенен  артық  таба  алмасым .

                                       Сонда да үмітіңді үз, менен түңіл,

                                       Бос  емес әркім  қағар  менің  басым.

Деп , бұл да оны әурелеп , күйдіргісі келмейді .

     Қоғамнан  соққы жеп ,  өз қағынан өзіжеріген  , ақырында      шалға       тиген     Қамар тағдырын автор трагедиясында  жеткізе суреттеген .  Ахмет  басынан –ақ  таза  махаббат  иесі , адамгершіл болып, Нұрымға тиген Қамардың  өлуге қалған халін  көргенде ,  жеке  күреске түсіп , нұрымды өлтіреді .   Қамардың  кегін  алады . Енді ол бұрынғыдай ақылдың  ғана  адамы емес , әрекеттің , күрестің де адамы  болып шығады . Бірақ хмет әлі жалғыз , әлсіз . Оның идеялы  — қала ,  жаңалық , прогресс.

          Романдағы  кедей-шаруа  проблемасын беретін, Ахметті толықтыра түсетін  бір  кейіпкер – Жәуке. Онның  бейнесі Ахметке  қарағанда  солғындау көрінеді .

           Қамар бейнесі .Өзінің  тегіжағынан Қамар бай қызы , бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз . Ол қазақ әдебиетінде  көрінген  жаңа   тұлға . жаңа характер.  Алғашқы кезде ол ұяңдау  болып көрінеді . Басына күн  туып ,  ескі салтпен  айқасқанда  ғана  Қамар  өршелене  бастайды . Сөйтсе де ол  махаббат  сезімінен  құр  емес .  Ахметтің  алғашқы  хатын  оқығанда , ол  « бір  қызарып , бір сұрланып,  жүрегі  кеудесіне  сыймай  қысылып,  қарап  тұрып  бір  тынышсыздықта  қалады ». Жауап  жазарда  да  көп  ойға  түсіп ,   « бұрын  таңның  атқаның , күннің батқанын  білмейтін  Қамар  бір ол  жағына , бір бұ  жағына   аунақшып ,  көрер  таңды көзінен  атқызатын  болып  жүрді ». Мұнда пәк сезім,  шын  сүюдің белгісі  бар.   Бірақ  оны  терең ойға  батыратын  нәрсе — өз  ойы ,  арманы мен  қоғам  салты  арасындағы  зор  қайшылық .   Оның  қалауына   салса , Қамарға  Ахметтен  артық  жігіт жоқ . Бірақ  айналасы  ондай  кедейге  қыз бермейді .   Ескі салт пен өз  еркіндігін  безбенге  салған  қыз  әзірше  сол  қайшылықты  басты  қауіп  санап , Ахметке « сілтей бер  маған  берер  малың  болса »  деп ,  жағдайды  айтуға  ғана  шамасы  келді. Осы  қайшылықты  түсінудің  өзі   Қамарды  жай  ауылдың  қыздарының бірі емес,  саналы ,  ойшылдығының  белгісі . Ол  әлеуметтік  ортаны ,   олардың  тағдырын  түсінетін  қыз . Кедергі  екі  жастың  еркін  сүйісуінде  ғана  емес ,   ескі салттың  қуатында .

          Тартыс  өз  басына  төтелеп  келмесе де ,  жұрт  Ахметті  қудалап жүргенде , Қамар жүдеп ,  уайымдап  ел  көзіне көрінбейді .   Ол  жала әсері  ғана  емес ,  жазықсыз  қуылған  Ахметтің  күйі еді . Жұбатқан  ағасына  ол : « Нақақ  мені қаралап , ахметті  анадай  қылуға  ұялмаған  ел  түбінде  не  ооңдырар  дейсің », — деп  торығады .   Ұзамай  сол  қауіп  туып , Оспан  би  оны  жорға  Нұрымға  қырық  жылқы ,  он  түйе ,  бес  жүз  сом  ақша  бермек  болады .

          Қамардың  бас  бостандығы үшін  күреске  түсуі  күйеу  келген  жерден  басталады . Ол  Нұрымға  бармайтынын  ашық  айтып ,  неке  қиярға  түскен  молдаларды  сөгіп ,  қуып  шығады .   Осы  тариыстың  нәтижесі —   Қамарды  Нұрымдардың  зорлап  әкетуі ,   қыздың  ескіліктен  жеңіліс  табуы . Бұдан  арғы  жерде  ол   қарсылықты  ішке  жинайды . Енді  сені  сүймеймін  деген  сөзден  пайда жоқ .   Ол  жан  ауруына  ұшырап ,  гүлдей  солып , өлім  халіне  жетеді .   Бұл   дағдылы  кесел  емес ,  еркіндік  арманынан  туған « жан  ауруы »  болатын .   Соны     Нұрым  сияқты  надандар  « жын  араласудың»  белгісі  деп , қызды  қамшымен  бақсыға  сабатып ,  ас-суынан  қағады . Бақсы « таяқ  батса ,  шырылдаса   жыны  кетеді » деп ,  одан  сайын  елеріп  ұрады . Бақсылар  оны  қара  түндікке  орап ,   мола  жағалатып ,  «  жын  ойнақ»  салып  келгендегі   Ахмет  көрген  Қамар  портреті  аянышты . Кешегі  Қамар  сұлу  соншалықты  өзгеріп ,  тірі  өлік  қатарына  жеткен  еді .  Ал , романның  басындағы   Қамар  келбеті  мұнан мүлде  өзгеше:

                                  Жіңішке  шымға  тартқан  әні  қандай ,

                                  Бал  ауыз , балбыраған  тәні  қандай .

                                  Ақыл-ой , мінез-көрік  түгел  келіп,

                                  Толысып , толып  тұрған  сәні  қандай …

          Кешегі  еркін де  балғын  өскен  сұлу   қыз   оз  бырлыққа   душар    болып ,   бақытсыздыққа   ұшыраған .    Қарсыласқан  екі  түрлі  портрет    автродың  осы  гуманистік ,  азатшылдық     идеясын  берді . Бұл  жердегі   Қамар  қуанышы   —   романтика .

          Қамарды  Ғайшадай  ауыл  қызы  емес ,  өзінің  азаттығын  арман   еткен  күшті  қаһарман ,  романтиклық  тұлға  дәрежесіне  жеткізу  үшін  автор  өжет  мінезі мен  қатар  оның  соңғы  хатын дәл  осы жерде ,  қанды  оқиға  үстінде  келтіріп ,  тамаша бір  психологиялық ,  әлеуметтік  түйіндеу  жасаған .

                                  Құдайға  бүгін  алса  арманым  жоқ .

                                  Түксиген түк  сақалға барғаным  жоқ.

                                  Қорлықта  қосыла  алмай  кетсемдағы ,

                                  Әйтеуір  жүзің  көрмей  қалғаным  жоқ .

 

     

          Хасен бейнесі .   Қамарды  толықтыратын бейненің бірі – ағасы Хасен .  Ол семинарист , бай  баласы . Бірақ саналы , орыс мәдениетін  , жаңалықты ұғатын адам . Ол  ауылдағы  жылпылдақтар емес ,  кедей  болса да , көзі ашық деп Ахметпен достасады .                           

           Кейбір әдебиет  зерттеушілері  Хасенді  оқыған  жас  бола  тұрса да ,  өз идеясы  үшін  күреске  түспеді . Оның  бейнесінде  байшылдық  идеясы бар десті . Біз  оны  кедей  демейміз .   Бірақ ол романда белсенді  түрде  күреске  түскен  болса ,  Қамар мен  Ахмет  басындағы  трагедия ,  соны  тудырған  қайшылық   жете   көрінбей   қалған     болар   еді .

Сондықтан оңай  тұжырымға  көшіп , Хасенді ұнамсыз бейне деу  артық .

           Байлар  бейнесі .    Романдағы    ескілік    пен озбырлық  иелері ,  ұнамсыз  бейнелер – Оспан би ,   Қалтан  қажы ,   жорға Нұрым ,    ишан,    молда ,    боқсы ,     жыпылдақтар.

          Ахмет пен  Қамар ең  алдымен  жыпылдақтармен  тартысты . Нұрым  — болыс. Оның тегін , іс-әрекетін  суреттегенде  автор : « Бұл  өзі  жеті  атасынан бірі  аузынан уызы  арылмаған  ,  бағы таймаға ,  қолынан  ұры  кетпеген ,  бір  жақсылық  етпеген ,   басы  шәждеге  тимеген ,  жамандықтан  басқаны  сүймеген ,  бірді бірге  ауыстырып ,  елді қан  жылатумен  шынжыр  балақ , шұбар  төс , қанды ауыз атанған  бір  жауыз  еді »,- дейді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

       Кіріспе

«Қамар сұлу » романын образдар жүйесі бойынша талдау

  1. Негізгі бөлім

2.1 Ахмет бейнесі

2.2 Қамар бейнесі

2.3 Хасен бейнесі

2.4 Байлар бейнесі

       III .Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

  1. Ә . Қоңыратбаев « Қазақ әдебиетінің тарихы »
  2. З . Қабдоллов « Сөз өнері »
  3. З . Ахметов « Өлең сөздің теориясы »