АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. М.С. Горбачевтың саяси портреті

Мазмұны

 

 

 

 

Мазмұны.. 1

 

Биографиялық ақпарат. 2

 

Басқару жұмысында. 3

Ставропольеде 3

Москвада 3

 

Қайта құрылу.. 4

Ішкі және сыртқы саясат принциптері          4

 

Батыс саясаткерлері Горбачев туралы.. 5

 

 М. С. Горбачёвтың табыстары.. 6

 

Реформа замандастары Горбачёв саясаты жөнінде. 7

 

Қорытынды.. Ошибка! Закладка не определена.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биографиялық ақпарат

 

Михаил Сергеевич Горбачёв — 20 ғасырдың соңғы опжылдықтарындағы Ресей саясаткерлерінің ішіндегі ең танымалы. Оны ұлы реформатор деп те, Кеңес Одағын өлтірген адам деп те атайды.

Михаил Сергеевич 1931 жылдың 2 наурыз күні Ставропольенің Привольное селосында крестьяндар отбасында дүниеге келді.

 1948 ж ол әкесімен бірге комбайнда жұмыс жасап, «Трудовой Красного Знамени» деген орден алған.  1950 ж Горбачёв мектепті күміс медальға бітіріп, Мәскеу университетінің Заң факультетіне түсті.Кейінірек ол былай деп айтатын: «юриспруденция және құқықтың не екенін мен ол кезде дұрыс түсінбейтінмін, бірақ соттар мен прокуратура орны маған қатты ұнайтын ».

Ол кезде ол Мәскеуде алғаш рет болған. Көп жылдар өткеннен соң ол былай деп есіне алатын

«Салыстырыңызшы: Привольное селосы және … Москва.  Айырмашылығы өте үлкен… Бәрі де мен үшін ең алғаш рет болды: Красная площадь, Кремль, Үлкен театр — алғашқы опе­ра, алғашқы балет, Третьяковка, сурет салу өнерінің музйі… Москва өзенімен ең алғаш рет катермен қыдырғаным, Подмосковьедағы экскурсия, алғашқы қазан демонстрациясы… Әрбір кезде ештеңемен салыстыруға келмейтін жаңа нәрсені білу сезімі туады». Жас про­винциалдың білім мен мәдениетке деген құштарлығы мол болды.

 Горбачёв жатақханада тұрды, екі шетті әрең қосатын, бірақ кей кездері озат оқу мен комсомолдық жұмысы үшін стипендия алатын.  1952 ж  Горбачёв  партия мүшесі болды.

Бір күні клубта ол философия факультетінің ғылым бөлімшесінің студенті Раиса Титаренкомен танысты. 1953 ж қыркүйегінде олар үйленді, ал 7 қарашада комсомолдық үйлену тойын жасады.

Горбачёв Мәскеу Мемлекеттік Университетін 1955 ж бітіріп, факультеттің комсомолдық ұйымының секретарі ретінде КСРО Прокуратурасына жұмысқа кіруге рұқсатнама алды.  Алайда дәл сол кезде үкімет Заң Жоғарғы Оқу Орындарын бітірген мамандарды сот және прокуратураға жұмысқа алмау туралы жабық қаулы қабылдады.  Хрущёв және оның жақтастары 30 жж репрессияның себептерінің бірі басшылардың әрбір тапсырмасын орындай беретін жас мамандарды прокурор немесе сот мамандығына қабылдау деп есептеді.  Осылай репрессиядан екі атасы қаза болған Горбачёв прокуротураға жұмысқа тұра алмай қалды.

 

Басқару жұмысында

 

Ставропольеде

 

Ол   Ставропольеге қайта оралып, енді прокуратураға жақындамайын деп шешім қабылдап, комсомолдың крайкомына агитация және пропаганда бөлімшесінің басқарушысының орынбасары ретінде жұмысқа тұрды. Михаил Сергеевичтің ком­сомолдік, ал кейін партиялық жұмысы өте сәтті болды. 1961 г ВЛКСМ аймақтық комитетінің бірінші секретарі болып тағайындалды, ал келесі жылы партиялық жұмысқа көшті, ал  1966 ж. КПСС Ставропольдік қалалық комитетінің бірінші секретарі болып тағайындалды.Осы уақыт ішінде ол сырттай осы жердің ауылшаруашылық университетін бітірді, специалист-агрария дипломы Ставропольеде ауылшаруашылық бағытында жоғары өрлеуге пайдалы еді. 1970 ж 10 сәуірінде Михаил Сергеевич Горбачёв КПСС аймақтық комитетінің бірінші секретарі етіп тағайындалды. Сол кезде Горбачёвті таныған Анатолий Коробейни­ков былай дейді: «Ол Ставропольеде маған еңбекқорлығын айта отырып, тек баспен ғана емес, «басқа жермен» де табыстарға жетуге болады дейтін, яғни демалыссыз жұмыс жасай отырып.   Горбачёв өзінің көмекшілерін де осылай жұмыс жасауға міндетті етті, осы кезде болашақ реформатордың ең негізгі кемшілігі қалыптасты: түнімен күнімен жұмыс жасауға үйреніп қалған ол, өзінің қол астындағыларын өз еркімен солай жұмыс жасауға үйрете алмады.»

 

Мәскеуде

 

1978 ж қарашасында Горбачёв ЦК КПССтің секретарі міндетіне отырды. Бұл орынға отыруында Брежневтің жақын жақтастары – К.У. Черненко, М.А. Суслов және Ю.В. Андроповтың ұсыныстары орын алды.    Екі жылдан кейін Михаил Сергеевич саяси бюроның ең жас мүшесі болды.  Ол болашақта партияның және мемлекеттің бірінші адамы болуға ұмтылды. Бұған оның  «штрафной постта», яғни ауылшаруашылығына жауап беретін секретарь екендігі де кедергі келтіре алмайды.Брежневтің өлімінен кейін ол осы міндетте отыра берді, бірақ сол кездердің өзінде оған Андропов айтатын:  « Михаил,  сен  тек қана ауылшаруашылығымен ғана айналыспай, барлық жұмыспен де шұғылдан… Өзіңді барлық міндеттерге сен ғана жауапты ретінде қара».  Андропов өлімінен кейін билікке көп емес мерзімге Черненко келді. Горбачёв партияның екінші адамы болды .

 

Қайта құрылу

 

 Черненконың өлімі Горбачевқа билікке жол ашты. 1985 ж 11 наурызында оны ЦК пленумы ЦК партиясының бас секретарі етіп тағайындады.  Келесі сәуір пленумында  Михаил Сергее­вич  қайта құру және мемлекеттің дамуын жылдамдату курсын жариялады. Андропов кезінде пайда болған бұл терминдер бірден кең тараған жоқ, тек 1986 ж ақпанында КПСС-тің 27 съезінде ғана тарады. Бұл қайта құрылудың сәттілікке апаратын жолының бірі – бұл сөйлеу деп айтқан Горбачев. Бұл әлі толық сөз еркіндігі емес, тек басылымдарда қоғамның кемшіліктерін айтуға рұқсат, алайда саяси бюро мүшелеріне сөз келтіруге болмады. Алайда 1987 ж қаңтарында Горбачев былай деді:  «Кеңес қоғамында критикаға жабық зоналар болмауы тиіс»

 

Ішкі және сыртқы саясат принциптері

 

Реформаның анық мазмұнын жаңа бас секретарь әлі білмеді.Ол басшылар шақыруына сенді, егер басшылар адал, ал шақырулары дұрыс болса, партиялық-мемлекеттік жүйе қарамағында кезекті міндеткерлерге дейін жетуі мүмкін және өмірді жақсартуға болады. «Энергиялық және татулық қозғалыстар уақыты келді»; «қозғалу керек, қозғалу керек және қозғалу керек», «барлығымызға ақылдырақ болу керек, барлығын түсіну керек, паникаға түспей әр біреуіміз дұрыс қадам жасауымыз керек», — деп Горбачёв басқарған алты жыл бойы халықты шақырды.

Михаил Сергеевич социалистік мемлекеттің лидері бола отырып, қорқыныштан емес, ал дұрыс саясат үшін әлем сыйластығын алуға  болады деп үміттенді.Ол жаңа саяси ойлар төрге шығады деп сенді, яғни барлық адамдарға сай қасиеттердің класстық және ұлттық қасиеттерден жоғары екендігі және жаһандық проблемаларды барлық мемлекеттер мен халықтар қосылып шешу кере екендігі.

Барлық қайта құруларды  Михаил Сер­геевич «Көбірек демократия, көбірек социализм» деген лозунгпен көтерді. Алайда социализм түсінігі ода кейінірек өзгерді. 1985 сәуірінде Горбачев саяси бюрода былай деген: «… Хрущёвтің Сталиннің жұмыстарын өте үлкен критикаға жібергені үшін біз әлі күнге дейін оның қалдықтарын жинап отырған үлкен қатер болғаны бәрімізге мәлім». Бірақ жақын болашақта жаңа қалдықтарды жинауға тура келді, сөйлеуге ерік күтпегендей халық өте үлкен антисталиндік критика толқынын әкелді.

 

 

Батыс саясаткерлері Горбачев туралы

Батыстағы Горбачевтың көп жылдар бойы жақтасы болған — әйгілі «темір леди» — Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчер.

Бірінші Кеңес президентін бағалай отырып ол былай дейтін: «Горбачёв — алысқа қарайтын адам. Шешімді дұрыс қабылдайтын адам. Егер ұлы іс бітіргің келсе, қалай болса да жаулар болатындығынан қорықпайтын адам… Ол өз елінің халқына демократия, сөз еркіндігін, қозғалыс еркіндігін әкелді. Ол Шығыс Еуропаға өз жолымен жүруге ерік берді. Ол Варшава келісімін жіберді… Ең алғашынан бастап біз жақсы жұмыс жасаудамыз». Алайда Михаила Горбачевтің барлық саяси идеялары  Тэтчерге ұнаған жоқ. Ол былай деді: « Горбачёв екеуміздің әңгімемізден түсінгенім, оның Кеңес Одағын осы шекарада сақтап қалғысы келуі. Ол сол территорияны сақтап қалғысы келді. Мен оған бірден айттым: «Бірақ Эстония, Латвия, Литва және Молдавия Кеңес Одағына кірмейді». Ол сонда да менің көзқарасыммен келіскен жоқ».

Кейін отставкаға кетіп, еске алу жұмыстарымен айналысқан Маргарет Тэтчер Горбачев туралы қаттырақ ойлар айтты:  «Мен Горбачевтің басқа Кеңес аппаратчиктары сияқты екендігін қорытындылауым керек еді, — деп   «Годы на Даунинг-стрит» кітабында жазған  — Ол күлімсірейтін, күлетін, даусын модульдейтін, аргументті мұқият бақылайтын және мықты оппонент болатын… Ол ешқашан алдын ала дайындалған сөзді оқымайтын бірақ кей кезде өзінің кішкентай блокнотына қарап тұратын…Оның өз стилі болды. Күн соңында мен бұл стиль марксистік көзқарастан үлкен айырмашылығы бар екендігіне көзім жетті. Маған бұл ұнайтын…»

Әйгілі американ миллионері Джордж Сорос, Ресей ғылыми ізденушілерін қолдау фондын қалыптастырушы, өзінің  «Советская си­стема: к открытому обществу» кітабында Михаил Горбачев туралы былй деген: «Ол бір жағдайға қатыса отырып, жағдайдың не туралы екенін түсінбей отырған адам сияқты. Олай болмаса ол бұның бәрін жасамас еді. Ол дамуға нұқсан келтіріп отырған кедергілерді жойғысы келді, бірақ күтіп тұрған проблемаларды көре алмады. Мұнда таң қалатын еш нәрсе жоқ. Оның ескі режимді жою жолында осылай алысқа баратындығын кім күтіп еді?»

 

 

 

 

 

 М. С. Горбачёвтың табыстары

 

Өзінің Кеңес Одағының президенті ретінде соңғы сөзінде Горбачев өзінің  заслугасы ретінде «қоғамның еркіндік алғаны және саяси және рухани ашылғандығы…

Іске асқандары еркін дауыс беру, басылым еркіндігі, діни еркіндігі, биліктің өкілеттік органы, көп партиялық. Адам құқығы ең жоғарғы принцип ретінде қарастырылды… Жекешелендірудің барлық түрлеріне теңдік болады деп қарастырылуда… Біздің экономикамызды және қоғамдық моральді бүлдіріп отырған «Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы, қару-жарақпен қамтамасыз етілу жарысы тоқтады».

 Михаила Гор­бачёвтің сыртқы саясаты оған бүкіләлемдік сыйластық әкелді.  1990 ж КСРО Пре­зиденті халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы ықпалы үшін Нобель премиясына ие болды.

Сонымен қатар Горбачевтың мемлекет экономикасын қайта құруға ұмтылысы орындалған жоқ. Соңында Кеңес Одағын қиратқан ұлтаралық қайшылықтарын шешудің саяси жолдары да табылған жоқ. Тарих Горбачевтың орнында басқа адам болса, ол социалистік жүйені де, КСРО-ны да сақтай алар ма еді деген сұраққа әрең жауап берер еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реформа замандастары Горбачев жүргізген саясат жөнінде

Саясаткер Ирина Муравьёва өзінің  «Горбачев — Ельцин: 1500 дней поли­тического противостояния» деген кітабында Горбачев қалдырған өзгерістерді былай бағалайды  : «Сонымен бізге Горбачев не қалдырды? Оның қарсыластарының көзқарасымен – Кеңес Одағы деп аталған талқандалған державаны қалдырды, инфляция, даладағы кедейлер, миллионерлер және 80℅ кедейлер.  Алайда бізде Андрея Дмитриеви­ча Сахаров деген ат бар және Александра Исаевича Солженицынның кітаптары бар және «Адам» деген сөздің осылай мақтанышпен айтылатындығына көзіміз жетіп отыр.»

Басқа көзқарасты Брежнев, Черненко және Горбачевтың кеңесшілерінің бірі Вадим Печенев айтты. «Горбачёв: к вершинам власти» деген кітабында ол былай деп жазды: «Менің ойымша Горбачев және оның саясаты әкелген: сөз еркіндігі, демократия, адамдық қасиеттердің класстыққа қарағанда жоғары екендігі экономика жойылуына әкелмеу керек еді».

 Печеневпен  филосо­ф М. К. Горшков және Л. Н. Доброхотов келіседі.

Горбачёвпен жұмыс жасаған адамдар КСРО-ның бұрынғы лидері туралы әрдайым жақсы айтқан емес. Министрлер Кеңесінің төрағасы  Н. И. Рыжков  «Де­сять лет великих потрясений» деген кітабында былай жазған: «Горбачёв мінезі бойынша президентболуға туылған адам емес, ода мұндай қасиеттер жоқ, ол билік шешімдерін қабылдауды мүлдем ұнатпайтын, оларды көп талқылауды қалайтын, басқалардың көзқарасын тыңдап, соғғы шешімді қабылдаудан қашатын.Ол ешқашан шешімдердің қателігіне жауап бермейтін.Өкінішке орай, Горбачевте шешім қабылдау және орындау қабілеттілігі жоқ».

Партиялық жұмысшы В. И. Болдин Михаила Горбачёвтың саяси жұмысына баға бере отырып «Крушение пьедеста­ла: штрихи к портрету М. С. Горбачё­ва» деген еңбегінде былай жазады: «Бөтелкеден джинды керек емес кезде шығарып,  Горбачёв мемлекеттегі және партиядағы жағдайды өз қолында ұстай алмады… Қайта құру идеясының жүзеге аспауының ең басты себептерінің бірі – Горбачевтың мінезінде еді, оның шешім қабылдай алмауында, оның жас кезінен қалыптасқан  постулаттарға ұсталуында еді. Негізінде бас секретарь – оны өсіріп, билікке әкелген өзінің дәуірінің өнімі болып қалды».

 

Қорытынды

 

Сонымен мемлекет басшысы  ретінде жоғарғы билік иесі толық құқықты иемдену керек. Бұл жағдайда партиялық және мемлекеттік билікті қосқан партия басшысы М.С. Горбачев халық алдында Ресейдің жаңа президенті Ельцинге қарағанда көп жағдайда төмен болды. Бұл кемшілікті айтсақ та Горбачев қалай болса да нағыз билікті жасады. Алайда ол өзі заң ережелеріне бағынған жоқ және басқаларға да міндетті етпеді.Горбачевтың билік етуі өз бетінде барлығымызға сабақ болды: Ресейді ол сияқты білімді, ақылды, дана, адал, мықты мінезді адам басқаруы керек. Саясат – бұл сөйлеу сөздері емес, дұрыс ойланып жұмыс жасау өнері. Наполеон былай дейтін: «Күресті жоспар жасап дұрыс жол жасаған адам жеңбейді,   ал осыны орындауды өз қолына алған адам жеңеді ».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Политология на российском фоне», Учебное пособие, Москва, Луч,1993г.
  2. «Горбачёв-Ельцин:1500 дней политического противостояния», И. Муравьёва…
  3. Энциклопедия по истории России и её ближайших соседей, Ч. III, XX век, под ред. М. Аксёнова, Москва, 1999 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

М.С. Горбачевтың саяси портреті

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Орындаған: Қожабекова Д

                                                   ХҚ- 410

        Тексерген: Ргелова Л. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2007