АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Роналду қырғыз баласының қалын сұрап келді[:]

[:kz]

Әлемге танымал футболшы Криштиану РОНАЛДУ Италияның Турин қаласындағы ауруханада емделіп жатқан қыздың көңілін сұрауға барды. Қырғызстан елінің тұрғыны онкологиялық дертке шалдыққан. Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Kaktus.mediaҚырғызстан ұлттық онкология орталығының  балалар дәрігері Дамира БАЙЗАҚОВАҒА сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл Юна есімді қырғызстандық қыз. Өкінішке қарай, ол сүйек саркомасына шалдыққан. Бүгінде емнің ең қиын кезеңдері артта қалды.Біздің орталықта жағдайы жақсарып, арнайы химиотерапияны қабылдады. Емін жалғастыру үшін итальяндық Турин қаласына аттанды. Бұл жақтың мамандары қызға сәтті ота жасады. Осы ретте қауіпті дертке шалдыққан қырғызстандық балаларға демеушілік жасап жүрген Родни Седдонге рахметімді айтамын. Осы азамат Юнаның емін төлеп берген болатын. Сондай ақ, дәрігерлер Раймонда Пиана, Никколо Роттеге алғысымызды білдіреміз. «Ювентус» футбол клубының ойыншылары ем қабылдап жатқан балаларымыздың көңілін сұрап келді. Юнаға атақты Криштиану Роналдо мен жұбайы келді. А Нұрпазыл есімді балаға итальяндық полицейлер қонаққа келіп, түрлі сыйлықтар тарту етті. Қазір оның да жағдайы жақсарып келеді», — дейді Байзақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

zhasalash.kz

[:]