[:kz]
«КешYou» тобының экс солисі, әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алды. 10 жыл бұрын дүниеден өткен асқар тауы жайлы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Көктемнің алғашқы күні. Әкемнің туған күні. Әкешім, туған күніңізбен. Сізді қатты жақсы көремін әрі сағынамын. (01.03.1972-30.03.2009)», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бір ұл баланы тәрбиелеп отырған Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали екінші сәбилерін күтіп жүр.
sn.kz
[:]