АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сайлауға бойкот» деп ұрандаған нұр-сұлтандық сотқа тартылып жатыр (видео)[:]

[:kz]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен аптаның соңында өз үйінің балконынан «сайлауға бойкот» деп айқайлаған «Нұр-Сұлтан» қаласының тұрғыны Дархан Өмірбаевты полиция ұстап әкеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы 20 мамырда Азаттық радиосының » AZAT NEWS» бағдарламасында айтылды.

Оқиға 17 мамыр күні болған. Сол күні атаулы әлеуметтік көмек алу үшін төрт баласының құжатын өткізе алмай ашынған Дархан Өмірбаев үйінің балконынан алдағы келе жатқан сайлауға қатысты бірнеше ұранды айқайлап айтып, аулаға көршілері жиналғанда сайлау туралы пікірлерін сұрамақ болған. Көп ұзамай, оны полиция қызметкерлері «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп ұстап, ертесі күні оған «билік өкіліне бағынбады» деген айып таққан.

Алайда, Дархан Өмірбаевты ұстап алып бара жатқанын видеоға түсірген сол маңдағылар құзырлы орган өкілдері оған күш қолданғанын айтып отыр. Дархан Өмірбаевтың зайыбы Динара Өмірбаева Азаттық тілшісіне полиция өкілдері күйеуі екеуінің көзіне газ балон шашып, оларға (күйеуі екеуіне) қарсы электрошок қолданғанын айтқан. Расында, куәгерлер түсіріп алған видеода да оларға қарсы полиция киіміндегі адамдардың электрошок қолданып жүргендері анық байқалады.

 

Ал бүгін осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтанда сот отырысы басталды. Бірақ Дархан Өмірбаев өзінің қорғаушысының болмауына байланысты судьядан сотты кейінге шегеруін сұраған. Ал судья оған қорғаушы табуына тек үш сағат қана беріп, түстен кейін сот отырысы қайта өтетінін айтқан. Алайда түстен кейін Дархан Өмірбаев сотқа келмеген. Сот болса, оны күштеп алып келуге бұйрық берген.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]