АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Санитарлық кітапшасы да жоқ: Қызылорда облысындағы балабақшада еден жуушы тамақ жасап келген[:]

[:kz]

Қызылорда облысындағы лас балабақшалардың бірінде тарақандар да табылыпты. Оған қоса, балаларға тамақ жетпейді екен. Бұл туралы ақпаратпен балабақшада жұмыс істейтін қызметкелердің өзі бөліскен. Жағдайды естіген Nur Otan Nur Otan партиясы дереу комиссия шақыртып, Қызылордаға жіберіпті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап. 

Балаларға арналған тамақты бұл жерде санитарлық кітапшасы жоқ балабақшаның еден жуушысы пісіріп келген. Бұған қарамастан мекеме санитарлы типтілердің қатарына кіретін көрінеді. Жұмыс орнының осындай мәселелері туралы қызметкерлердің өздері сөз қозғаған. Олар балабақшаның нашар тұрмысын фотоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Қазан айының соңында бұл жерде партиялық бақылау басшының бұйрығымен комиссия жіберілген.

«Тағамның сапасы ас мәзіріне мүлдем сәйкес келмейді. Балабақшаның қоймасы бос, бірде-бір азық-түліктің қоры жоқ. Мекемені дезинфекциялау, тазарту секілді әрекеттер мүлдем орындалмайды. Сондықтан балабақшаның әрбір бұрышынан зиянкес жәндіктерді табуға болады. Комиссия мүшелері балаларға қандай тамақ берілетіндігін анықтамақшы болған, себебі балабақшада күніне 5 реттік ас мәзірі көрсетілген. Алайда тамақта жоқ, азық-түлікте жоқ. Тоңазытқыштар бос тұр. Дегенмен, мемлекет балабақшаға арнап миллиондап қаржы бөледі», — деді комиссия мүшесі Аида Абибуллаева.

«Балабақшаның жылдық бюджеті 88 миллион теңге. Балалардың тамағына оның 10 миллионы қарастырылған. Тәрбиеленушілердің саны 41, оның біразы күн суық болғандықтан балабақшаға келмейтін көрінеді. Бір баланың тамағына күніне 450 теңге есептелінеді», — деді Жаңақорған ауылы әкімінің қызметін орындаушы Жарасхан Мырзалиев. 

«Біз тексерістің барасында қызметкерледің санитарлық кітапшасын көрмедік, қызметкерлер мен басшылықтың арасында еңбек келісімшарты толтырылмаған, арнайы жұмыс тәртібі жоқ. Балабақша дәрігері жұмысқа алынбаған. Тексеріс нәтижелері Жаңақорған әкіміне жіберілген болатын. Қазіргі күннің өзінде балабақша адам танымастай болып өзгерген. Еден мен қабырғалар боялған, ас үй жабдықдары мен техникалық құрылғылар жаңартылған. Қойма азық-түлікке толыпты. Десек те, балабақшаның басшысы қызметтік тексеріс кезінде уақытша орнынан босатылған» -деді комиссия мүшесі Анар Ізден.
Stan.kz

[:]