АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Сарбаз әріптестеріне не үшін оқ жаудырғанының нақты себебін атады[:]

[:kz]

Забайкальедегі әскери бөлімде сегіз әріптесін атып, тағы екеуін жаралаған түмендік қатардағы сарбаз Рамиль Шамсутдинов 3 желтоқсандағы кезекті сот отырысында осындай қылмысқа баруының тағы бір себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Айыпталушының сөзінше, қайғылы оқиғаға дейін бірнеше күн қатарынан әріптестері оны мазақ еткен. Оның ішінде әріптестерінің сарбазға ұйқы бермегені де бар.

 

Сотталушының адвокаты Равиль Тугушев Шамсутдиновтен: «Егер оған ұйқыдан айыру түрінде азап қолданылмаса, оқ жаудырар ма едің», — деп сұрады. Бұған Шамсутдинов теріс жауап берді.

Сонымен қата адвокат сотталушыдан түнгі қарауылдан шыққан кездегі көңіл-күйін сұрады. Рамиль қатты ұйықтағысы келетінін айтты. Қорғаушы одан оқ жаудырған кезде және ұстау кезінде не сезінгені туралы да сұрады. Шамсутдинов бәрі «тұман» сияқты көрініп, сол уақытта да  ұйқысы келіп тұрғанын айтты.

Айыптаушы тарап егер жанжал азаматтық өмірде орын алса, сотталушының әрекеті қандай болатынын сұрады. Ол армиядан тыс жерде әрдайым осындай қақтығыстардан аулақ болуға тырысқанын айтты.

1 желтоқсанда өткен отырыста Шамсутдинов марқұм аға лейтенант Даниил Пьянковтың жесірінен кешірім сұраудан бас тартты, бірақ ол басқалардың туыстарынан кешірім сұрады.

Шамсутдиновтың айтуынша, Пянков тотты сүртемін деп, оның басын дәретханаға тығуға тырысқан, ал қайғылы жағдайға дейін бірнеше күн ұйықтатпай, жарғыны оқуға мәжбүрлеген.

Сотталушы дәретхананы тазалаудан бас тартқаны үшін ұйқыдан айырылғанын айтты. Ол осындай қылмысқа баруына демалмағаны себеп болғанын мәлімдеді. Ал аға лейтенант Пьянковты осы оқиғаға басты кінәлі адам ретінде көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні қатардағы жауынгер Шамсутдинов өзімен бірге қарауылда болған 8 бірдей әскериді автоматпен атып өлтірген. Оның қолынан екі офицер, төрт солдат пен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген екі азамат қаза тауып, тағы екеуі жараланды.

Кейін белгілі болғандай, Шамсутдинов қызметтестерінен көрген қорлық пен әлімжеттікке шыдай алмаған. Отан алдындағы борышын өтеуге келген солдат екі ай өтпей, өзінен шені жоғары қызметтестерінен үнемі таяқ жеп тұрған.

[:]