АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Семейде әйел адамды құтқармақ болған полицей мұздай суға секіріп кетті (фото,видео)[:]

[:kz]

Семейде көпірден секіріп кеткен 60 жастағы әйелді полиция қызметкері құтқарды. Оқиға орнынан түсірілген бейне материалдар Instagram желісіндегі zello_semey парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Коллаж NUR.KZ. Фото: Instagram/zello_semey

Коллаж NUR.KZ. Фото: Instagram/zello_semey

 

Анықталғандай, ерлік істеген тәртіп сақшысы бар-жоғы 23 жаста болып шыққан. Оның есімі Аслан Бегәділов, шені -кіші лейтенант.

Желідегі жазбада оұиғаның 27 сәуір күні болғаны хабарланған. Полицияға әйел адамның көпірден секіргелі жатқанын көрген куәгерлер қоңырау шалған.

Бегәділовтың патрулі бәріне де оқиға орнына жақын болған. Куәгерлердің айтуынша, полицей ойланбастан суға секіріп кеткен. Ол батып бара жатқан азаматшаны жағалауға шығарып алған. Тәртіп сақшысына әріптесі Жұманбек Тимур көмектескен.

23 жастағы Аслан мен 25 жастағы Тимур құтқарып алған келіншекті дәрігерлерге тапсырды.

Анықталғандай, әйел адам қазіргі таңда ауруханада. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

 
  

[:]