АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Шалым — ешек»: 50-ден асқан ана көп әйел алған күйеуін тікелей эфирде қорлады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Мейлі, не десе о десін. Осы бәйбіше мен тоқал бір-бірін кешірсе болды», — деп жымиып қоя берді.
«КТК» арнасынан шығатын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында 50-ден асқан әйел күйеуін  масқаралап, қателіктерін тізіп берді. Айтуынша, өзін тоқалдыққа алған ақсақал кезінде әбден алдап, «басын айналдырып» алған көрінеді. 

«5 балам 5 үйдің иесі боп отыр. Ал шалым — ешeк. Бүкіл Қазақстан естісін. 

Алған 2 әйелді де үлде мен бүлдеге ораған жоқ. Егер екі әйел болмағанда балалар қор болатын еді.

Бірінші әйелі бай, Ташкентте үйі болған. Екінші әйел қып мені алды. Менің үйім одан да үлкен. Мен алданып қалдым бұған», — деген ол бәйбішемен араздығы жоқ екенін, бар кінә күйеуінде екенін айтты. 

Студияда отырған 60-тан асқа күйеуі тоқалының қатты сөзіне түк те ашуланбады. 

«Мейлі, не десе о десін. Осы бәйбіше мен тоқал бір-бірін кешірсе болды», — деп жымиып қоя берді. 

Желі қолданушылары отбасындағы проблеманы қалың көпшілікке жайған кейіпкерлердің бұл әрекетін түсінбей дал.

sn.kz

[:]