[:kz]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімовті ұстады, деп хабарлайды ведомство Telegram арнасында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударатынын атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, 13 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімовті ұстаған. Ол Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша кесіп өтпек болған. Еске сала кетсек, Нұрлан Мәсімовке аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Осыдан кейін Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімовтің қайда екенін хабарлаған адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетінін мәлімдеді.
kaz.nur.kz/society/1978302-nurlan-masimov-ustaldy/
[:]