АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]СҚО-да есігі жоқ балкондар көпшіліктің күлкісін келтірді (видео) [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде көпшілік балконында есігі жоқ үйдің видеосын талқылап жатыр. Бұл видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген. Видео авторы Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласында балконға шығатын есігі жоқ үйлер соғылып жатқанын айтады. «Міне, балкондар, терезелер.

Ал балконға шығатын есік жоқ. Мүмкін, оларға шығу үшін далаға баспалдақтар қояды немесе терезеден шығады. Мұндайды тек бізде, Сергеевкада жасай алады», — деп күледі кадр сыртында автор. Көпшілік бұл видеоға қатысты түрлі пікірлер жазуда.

«Күлкілі емес, құрылысшыларды ойласаң жылағың келеді», «Жаңа технология», «Үнемділік, есіксіз арзанға түседі ғой», — деп жазды олар. Шал ақын ауданының әкімдігі бұл видеоға қатысты Sputnik Қазақстан агенттігіне жауап берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

Ведомство балкондар мұнда декорация ретінде тұрғанын мәлімдеді. «Сергеевка қаласында 1967 жылы соғылған 46 пәтерлі үй 1990 жылдан бері бос тұр. Қазіргі кезде жекеменшік компания өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттарда және сараптама қорытындысында балкон қарастырылмаған.

Осыған байланысты компания үйдің сәулетін бұзбай, балкондарды декорация ретінде қалдыруға шешім қабылдаған», — дейді әкімдіктен.

kaz.nur.kz

 

[:]