АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Соғыс бітеді, бірақ Ресей ешқайда жоғалмайды[:]

[:kz]

 

«Соғыстан кейін Еуропалық Одақ Ресеймен бірге өмір сүруді үйренуі керек. Ол үшін Еуропа байланыстардың нақты жоспарын анықтауы керек». Бұл туралы Еуропалық Одақтың дипломатия басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Ол Франция президенті Эммануэль Макронның «Ресейді масқараламау» туралы үндеуін қолдады. 

«Ресейдің Украинада істегенінен кейін бұл қатар өмір сүру өте қиын болады. Бұл Украинаны басып алу, агрессия, жою. Оны бәріміз күнде кешке теледидардан көретінбіз, мен де көрдім. Бірақ біз әлі де осы континентте ресейліктермен бірге өмір сүруге тырысуымыз керек», — деп келтіреді РБК-Украина Жозеп Боррельдің сөзін.

Бұл ретте ол Ресеймен байланыс арналарының ешқашан жабылмағанын атап өтті. «Австрияның канцлері жақында Мәскеуде болды, Африка Одағының төрағасы Сочиден оралды және БҰҰ Бас хатшысының екі өкілі бүгін Украина астық экспорты мәселесін шешуге тырысу үшін Ресейде жүр. Біз Ресеймен келіссөздерді жалғастыруымыз керек», — деді Боррель.

Асқар Жұмабаев

Алтынорда 

[:]