[:kz]
Сұрақ: «Алдағы аптада мен жер мәселесіне байланысты талапкер ретінде сотқа қатысатын едім.
Соған байланысты мен сот өндірісіндегі болып жатқан оқиғалардан тыс қалмау мақсатында диктофонға жазып алсам деймін. Бұған менің құқығым бар ма? Аудиожазу үшін соттың рұқсаты керек пе?»
Мақсат ЕРМЕКБАЕВ.
Жауап: Азаматтық іс жүргізу құқығының 19-бабына сәйкес, іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.
Zamana.kz
[:]