[:kz]
Артық нәрселерден арыла отырып, сіз, қалаған нәрселеріңізді арзан бағаға сатып аласыз әрі ақшаңызды үнемдеп, қосымша ақша таба аласыз.
Жыл сайын iPhone-ның жаңа үлгілері шығып, олардың бағасы жылдан-жылға өсуде. Брендтер бұдан да жылдам өзгеріп, үнемдеген ақшаңызға Supreme футболкасын сатып алғаныңыз сол-ақ екен, Gucci-ге бұрын-соңды болмаған сұраныс арта түседі. Сол себепті, сіз, қайтадан “Доширакты” азық тұтып, бағасы қымбат жаңа киімді армандайсыз.
Егер, сәнді киініп, соңғы үлгідегі телефон ұстауды қатты қаласаңыз, бірақ кредит алғыңыз келмесе не істеу керек? Осындай қиялшыл адамдарға арналған ең түсінікті және қарапайым кеңес: «Жұмыс тап!»
Бұл ең пайдасыз кеңес. Өйткені студенттер тиын-тебенге бола тер төгіп жұмыс істеп жатса, ал кейбіреулері тіпті түнгі ауысымда екінші жұмысқа орналасып жатады. Бірақ шығар жол бар! Алайда ол – үшінші жұмысқа орналасу емес.
- Шкафыңызды және киім-кешегіңізді тексеріп қараңыз. Ақыл-ой сергектігін және объективтікті сақтай отырып киімдерді сұрыптаңыз. Ата-анаңыз сізге 11-сыныпта сатып алып берген пальтоны кию туралы шешім қабылдап қалуыңыз мүмкін және бұл ретте бүкіл киім-кешегіңізді сол пальтоға сәйкес жаңарту қажет болуы мүмкін. Іс жүзінде киетін киіміңізді алып қалыңыз да, қалғандарын кейінгі жағдайға сенімді түрде қалдырыңыз. Өйткені, сіз, кенеттен имиджіңізді түбегейлі өзгерткіңіз келуі мүмкін.
- Аяқ киім мен керек-жарақтарды да сыни көзбен шолып шығып, артығын еш аяусыз кейінге қалдырыңыз.
- Ендігі кезекте – тумбалар мен сөрелер. Әдетте онда өзіңіз бала кезде жинаған маркалар топтамасы немесе өткен курстар бойынша кітаптар түріндегі асыл қазынаны табуға болады. Табылған нәрселердің барлығын киім мен аяқ киімге қосып жинаңыз.
- Сымдар арқылы, өзіңізге енді қажет болмайтын, зауыттық қораптарымен және құжаттарымен бірге жұмыс істеп тұрған электрониканы табыңыз.
- Бір сәт тынығып, өзіңізде бар сансыз байлыққа көз тастайтын сәт келді. Ал енді кедейшілік өмірден құтқару операциясының негізгі бөлігіне кірісуге болады. Тегін хабарландырулар сайтына, мысалы market.kz сайтына кіріңіз де, өзіңіз ешқашан кимейтін немесе пайдаланбайтын нәрселердің барлығын сатыңыз.
Енді әлеуетті сатып алушы сіздің затыңызды сатып алып, жинақ сандығыңызға ақша қосса болғаны. Уақытты босқа жоғалтпас үшін, сайттағы тауарларға мұқият көз тастаңыз, “Электроника” бөлімінде плашетті немесе сымсыз құлаққапты дүкендегі бағамен салыстырғанда 2 есе немесе тіпті 3 есе арзанға табуға әбден болады.
«Жеке заттар» бөліміне қарасаңыз, Gucci туралы арманыңызды іске асыруға болады, дәл сол жерде бітіру кешіне арналған костюм немесе көйлек табуға болады, өйткені бір рет киілетін зат үшін артық төлеудің қажеті жоқ.
Артық нәрселерден арыла отырып, сіз, қалаған нәрселеріңізді арзан бағаға сатып аласыз әрі ақшаңызды үнемдеп, қосымша қатар ақша таба аласыз.
baribar.kz
[:]