[:kz]
Қостанайда «Тальгодағы» әйел зорлау ісі қайта қаралып, жаңадан үкім кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай қалалық №2 соттың үкімімен Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР ҚК 120-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды. Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап өз күшіне енеді.
Осы уақытқа дейін Қостанайдың №2 соты Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовты «Тальгода» әйел зорлады деп айыптап, оларды 2,6 жылға бас бостандығынан айырған еді.
Жәбірленуші тарап максималды мерзім беруді, ал прокурор колонияға 6 жылға жабуды сұрады. Сотталғандар өз кінәсін соңына дейін мойындамада, жағдайдың екі тарап келісімімен болғанын айтты. Судья Оразбай Сатыбалды жазаны қатаңдатуға негіз жоқ екенін, керісінше екеуінің осы күнге дейін істі болып көрмеуі мен біреуінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бары себеп болғанын айтты.
[:]