АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Темекі шекпейді. Арақ ішпейді»: Қуат Хамитов Сабина Алтынбековамен не себепті үйленгісі келетінін айтты[:]

[:kz]

 

 

«Найман» лақап атымен танылған спортшы Қуат жеке өмірі мен Сабина Алтынбековамен қатынасы жайлы айтып өтті.

Қуат Хамитов осы аптада спортшы қыз Сабина Алтынбековамен үйленгісі келетінін айтты. Бұл жайлы нақты жауап бермегенімен Алтынбекова ақпаратты теріске шығарды. 

 
«Сабинамен қыз-жігіт болып кездескен емеспіз. Бірақ оған деген көңілім бар. Оны соңғы 3-4 жыл бойы аңдып жүрмін. Иманды қыз. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Темекі шекпейді. Арақ ішпейді. Кальян шекпейді. Мен де сондаймын. Бойы менен 5 см ұзын. Бірақ оған еш намыстанбаймын. Маған Сабина спортшы болғаны үшін емес, қыз ретінде ұнайды. Биыл үйлене алмайтын шығармын. Келесі жылы шаңырақ көтеруді жоспарлап отырмын», — деді Хамитов. 

Хамитов пен Алтынбекованың желідегі жазбасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бірі екі спортшы хайп жасап жүр деп сенбестік білдірсе, бірі олардың арасында шынайы сезім барына сенеді. 

Алтынбекова бейтаныс жігіттің суретін жариялап, өзіне үйленгісі келетінін айтқан еді. Бұл Хамитовтің ашуын келтірді. 

alashainasy.kz

[:]