АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]»Тоғысқан тағдырлар»: ел сүйіктісіне айналған сериалдың актерлері қазір қайда жүр?[:]

[:kz]

 

 

«Хабар» телеарнасында 1996 жылы жарық көрген «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясы халық сүйіктісіне айналған. Ол тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанда да көрсетілді. Биыл сериалдың аяқталғанына 22 жыл болды. Massaget.kz тілшісі 90-жылдары қазақстандықтардың сүйікті сериалына айналған «Тоғысқан тағдырлардың» кейіпкері туралы топтама жасады деп жазады   tengrinews.kz

«Тоғысқан тағдырлар» телехикаясында 90-жылдардағы шуақты Алматы бейнеленген. Оқиға Омаров пен Платонов әулетінде өрбиді. Біреу білсе, біреу білмес, сериалды ағылшындар түсірген. Олар әрбір актерге роль ұсынбас бұрын, олардың барлық фильмін көріп шыққан. Алғашында 10-15 бөлім болады делінген телехикая 5 жыл түсіріліп, 465 серияға жететіні ешкімнің түсіне де кірмеген.

Гүлбибі апа

Гүлбибі апа ролінде ойнаған Бикен Римова сериал аяқталмай өмірден озған. Режиссердің шешімі бойынша, Гүлбибі апа кейіпкерін алдымен ауруханаға жатқызып, кейін астанаға жібереді. 

Бикен Римова — Қазақ КСР Халық әртісі. Өмірінің соңына дейін театрда ойнап, киноға түсті. Ол Әуезов атындағы Қазақ драма театрында «Енлік-Кебекте» Еңлік, «Ана-Жер-анада» Жер-ана, «Каракөзде» Маржан рольдерін сомдаған. 

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА БОЛАДЫ. 

[:]