АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев Ақтау қаласына не үшін барды?[:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр», — деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, ҚР Президенті өзінің ресми сапарын Түркістан қаласынан бастаған болатын.

 

 

«Қамшы» сілтейді

[:]