АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев мұғалімдерді әртүрлі іс-шараларға пайдаланатын әкімшілікке шүйлікті[:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан мұғалімдердің тамыз конференциясында үкіметке мұғалімдердің мәселелерін түбегейлі шешуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

 
«Мұғалімнің еңбек жағдайлары қадағалаушы құрылымдарға үнемі есеп беруінің артуына байланысты едәуір нашарлап жатқанын ескеру қажет.
Мұғалімдер мен оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі білімді бағалау жүйесі де психологиялық ауыртпалықты жүктейді — мұғалімдер теріс нәтижемен көрсетсе оқу орны басшылығының қысымына ұшырайды, өйткені бағалар мектептің рейтингіне әсер етеді», — деді президент

Ол, сондай-ақ, ұстаздарды білім саласына қатысы жоқ, әртүрлі іс-шараларға пайдаланатын әкімшілікті де сынға алды.

«Жергілікті әкімдіктер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ұстаздарды әкімшілік мақсатта, білім беру жүйесіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тарту тәжірибесі де тоқтамай отыр.

Мен үкіметке аталған мәселелерді шұғыл шешуді, түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді мемлекет басшысы.

 
  

[:]