[:kz]
Полиция қызметкерлері арнайы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Түркістан облысы полицейлері із-түссіз жоғалған Түркия азаматын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бәйдібек АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны, белгілі құрылыс фирмасының жұмысшысы арызданған.
Ол өз арызында қызметтесі Түркия мемлекетінің азаматы Топал Ибрахим «Митцубиси» маркалы автокөлігімен Шымкент қаласына әуежайға барып келемін деп, сол бойда із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.
Жоғалған азаматты табу мақсатында Бәйдібек АПБ-нің жеке құрам жедел іске кірісті. Полиция қызметкерлерімен арнайы іздестіру іс-шараларын дер кезінде ұйымдастыру нәтижесінде, Түркия мемлекетінің азаматы, 1983 жылы Т.Ибрахим табылып, туыстарына табысталған.
Жеделдетілген жұмыстың арқасында табылған шетелдік азаматтың, қайтар жолды таба алмай адасқаны анықталған. Әріптестерімен аман-есен қауышқан арызданушылар аудандық полиция қызметкерлерінің шапшаңдықтарына, жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктеріне, кәсіби шеберліктеріне алғыстарын білдірді.
ERNUR.KZ
[:]