[:kz]
Тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская «Magnum» супермаркет желісінде тараған видеоға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы zakon.kzхабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, кем өлшеу бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 190-бабына сәйкес жазалау әдістері қаралады.
«Фото мен видео сотта дәлел түрінде көрсетілетін болады. Тұтынушы міндетті түрде полицияға барғаны жөн. Біріншіден, оған қайта есептеу жасатуы тиіс, екіншіден, ол мүліктік зиян үшін өтемақы талап етуге қақысы бар. Егер ол Ұлттық тұтынушылар лигасына арыз түсірсе, біз аталмыш жазбаға сәйкес осы уақытқа дейін шұжық сатып алған барлық адамдарға өтемақы төлеуге міндеттейміз», — деді Романовская.
Тұтынушыны алдағаны үшін айыппұл көлемі 112 100 теңгені қүрайды.
Бүгінде дүкендердің бәрі дерлік тұтынушыларды алдайтыны айтылып жүр. Романовскаяның айтуынша, этикеткалардағы сатылым күндері мен жарамдылық мерзімдері жалған болуы мүмкін. Ұлттық тұтынушылар лигасы тұтынушыларды алдаған дүкендер желісіне қатысты сотқа талап арыз дайындайды.
[:]