АЛТЫНОРДА
Блог Гайнижамал Шекей

[:kz]Украина қарулы күштерін әскери дайындыққа келтірді[:]

[:kz]

Украина Қорғаныс министрлігі Керчь бұғазындағы жағдайдың күрт ушығуына байланысты қарулы күштердің толық әскери дайындыққа келтірілгенін хабарлады. Украина қауіпсіздік қызметінің жеке құрамына да әскери дайындықта болуға тапсырма берілді.

25 қарашада Ресей Керчь бұғазында Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесін оқ атып, ұстаған. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі украиналық әскери кемелер «Ресей шекарасын бұзғанын», Қара теңізде оларды ұстау үшін қару қолданылғанын және үш теңізшінің жараланғанын растаған. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 25 қарашада өткен шұғыл жиынында Ресейдің бұл әрекетін басқыншылық деп атап, елде әскери жағдай жариялауды ұсынған.

Оқи отырыңыз: Азов теңізіндегі оқиға: Украина әскери жағдай жариялағысы келеді

Украина Жоғарғы Радасы 26 қарашада елде әскери жағдай жариялау мәселесін талқылайды. Керчь бұғазындағы жағдай бүгін сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынында талқыланады.

.azattyq.org

[:]