АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үлкенім – үшінші топтағы мүгедек»: Алматыда 4 баласымен контейнерде тұратын жалғызбасты ана көмек сұрайды[:]

[:kz]

Контейнерде күнелтіп жүрген көпбалалы ана көмек сұрайды. Барар жер, басар тауым қалмады деген кейіпкердің денсаулығы да мәз емес. Ал үйдің үлкені –  үшінші топтағы мүгедек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Отбасы жарығы, жылуы, жалпы жағдайы жоқ бір ғана бөлмеде, яғни контейнерде тұрады. Бар жиһазы – жалғыз төсегі. Жаз болған соң жағдайдың ауырлығы білінбей тұр, қыс түссе, отбасының қиналып қалатыны айтпаса да белгілі. 4 баласын бір өзі асырап отырған Гүлімнің мұндай хәлге түсуінің өз себебі бар.

«Нарынқол Қытайға жақын болған соң, «қытайлық» деп ата-енем менсінбей, неке қиылмады. Күйеуімнен таяқ жеген жоқпын. Мені қайын сіңілілерім ұратын. «Жетімсің, іздеп келетін ешкімің жоқ деп», – дейді жалғызбасты ана Гүлім Болатжан. 

Заң алдында неке қиылмаған соң, сәйкесінше балаларға алимент те төленбейді. Үлкен қыздың симптомды эпилепсиямен ауыратыны тағы бар. Ал қыс түспей Гүлім көзін көрсетпекке Ташкентке кетуі керек.

«7 жыл бұрын қайын сіңілімнің баласы екі қызымды зорлады», – деген ана енді балаларын да жалғыз қалдыра алмай отыр.

«Ол кезде біреуі 5 жарымда, біреуі 7 жаста болған. Содан бері стресстің бәрі көзіме әсер етті де, катаракта пайда болды. Алдында да ауру болған. Операция жасайтын кезде қызым кішкентай болды да, енем қызымды да қарамай қойған», – дейді жалғызбасты ана Гүлім Болатжан.

Отбасы қазіргі таңда қандай да болсын көмекке мұқтаж. 

[:]