[:kz]
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті екі кандидатты ұсынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алайда ұсынылған кандидаттардың бірі Мұхтар Тінікеев сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты.
— Мені сайлауға кандидат ретінде ұсынуға ешқандай негіз жоқ. Себебі менің қазақ тілімнің деңгейі сайлауға қатысуға мүмкіндік бермейді, — деп түсіндірді федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті ұсынған екінші үміткер — Амангелді Таспихов.

Амангелді Таспихов 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – инженер-механик. 1998-2002 жылдары парламент сенатының депутаты, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болды. Кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарды. Қазір ол Батыс Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.
[:]