[:kz]
Әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген сарында жалған ақпарат тараған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған әрі шындыққа жанаспайды деп хабарлайды
«Бүгін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген сарында жалған ақпарат тарап жатыр. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.
Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодекстің 274 бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты «WhatsАpp» желісіндегі топтарда таратқан
Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабардар етті ведомство. Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 30 маусымынан бастап, Қазақстанда шектеу шараларының енгізілетіні, қалалар жабылып, блок-бекеттердің қойылатыны туралы хабарламаға тараған.
Алайда үкімет бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырған болатын.
[:]