АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Wi-Fi мен камерасы бар шоколад»: ҰБТ тапсырушы түлектер қандай қулыққа барған[:]

[:kz]

 

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында мектеп түлектерінің ҰБТ-ға ұялы телефондарды қалай тығып әкелетінін көрсетті. Мәселен, Алматыда бір түлек ұялы телефонды фольгаға орап, шоколад ретінде алып өтпекші болған. «Илон Маск, мынаған қалай қарайсың? Қазақстандық шоколад, ішіне камера орнатылған, LED экраны мен wi-fi қабылдағышы бар. Дауыспен қоңырау жасауға да болады», — дейді Смағұлов. 

 

Сонымен бірге, тест тапсырған балалардың біреуі IPhone-ды кроссовкаға тығып, тест тапсыру аудиториясына кірмек болыпты. «Қарақтарым-ау, бойы бір жарым метрге жетпей 45-ші өлшем аяқ киіммен келгеніңіз не? Демек, ондай адам читтер», — дейді Дидар Смағұлов. Оның сөзіне сүйенсек, 2019 жылы бір түлек аяқ киімнің ішіне төрт бірдей смартфон тыққан екен. Ал осы жолы бір ғана IPhone шыққан. Сол себепті бұрынғы «рекордқа» әлі ешкім жете қоймапты. 

Бұған дейін тест орталығының экс-басшысы қолына шағын конспект жазып келген түлекті де көрсеткен еді. Сол кезде Смағұлов осы күнге дейін ҰБТ тапсырған 85 мың оқушының ішінде 500 адамның тест нәтижесі жойылғанын хабарлаған болатын. Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының басшысы болған Дидар Смағұловтың қызметінен кеткенін жазған едік. Бұл қызметке ол 2019 жылдың маусым айында тағайындалған болатын. Ұлттық тестілеу орталығына келгенге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.

kaz.nur.kz

 

[:]