[:kz]
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Түркістандағы лагерьді болған жайт туралы айтты. Заңгер аймақтағы оқу-тәрбие беретін мекемелердің төмен деңгейде екенін айтты.
«Тәрбиеші лагерьде балаларды ұруда. Түркістан облысына қарасты Бүргіліктегі «Сұңқар» лагері. Тәрбиеші балаларды теуіп, балағаттап ұруда. Облыста құрлыс оңып тұрған жоқ. Білім, тәрбие беретін орындарымыздың сиқы мынау. Арыстың балалары қазір үйлері біткенше лагерлерге жіберілген. Ата-аналары балаларымыздың демалып жатыр деп ойлап жүр-ау! Қайдан білсін таяқ астында жүргенін! Ал лагерьлер Сталин кезіндегі «Алжир» лагеріне ұқсап тұр. Ал балалардың құқығын қорғайтын обудсмен Аружан Саин, әу деңіз, мынау не масқара?!», — деп жазды заңгер желіде.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік. Оқиғаға қатысты әкімдік пікір білдірді.
[:]