АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Жалған Tide пен Миф: Түркістанда қолдан ұнтақ жасап, сатқан (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Түркістан облысында жалған кір жуғыш ұнтақ шығаратын цех жойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р.Абдуллаевтың белгілі маркалы ұнтақтарды заңсыз шығарған цех ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Барлығы жеті бірлік ұнтақтарды орау және буып-түюге арналған құрал-жабдықтар, 500-ден астам қаптама ұнтақ, 100-ден астам қапта 20 келі бос ұнтақ, белгілі брендтердің атауы бар полиэтилен пакеттері тәркіленді.

Авторлық құқық иесі үлкен шығынға ұшырады.

Ер адамға 5,9 миллион теңге айыппұл салынды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

[:]