[:kz]
Жайдарманшы Мансар Орынхан Instagram-дағы парақшасында Мұрат Әбділданың ісі жайлы көпшілікке хабарлады деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша, Мұрат Әбділданы түрмеден шығарып алуға мүмкіндік бар.
«Ассалаумағалейкум, құрметті мұсылман бауырлар! Рамазан айы баршаңызға құтты болсын! Менің жанымда отырған Мұрат ағамыздың анасы, негізі, Мұрат ағамызды заң жүзінде шығарып алуға мүмкіндік бар екен. Рамазан айы ғой, барлықтарыңыз шықса екен деп дұғада болсаңыздар. Тек Мұрат ағамыз үшін ғана емес, жалғыз ғана анасы үшін де дұға қылсаңыздар. Құдай қаласа, Мұрат ағамыз ортамызға оралып жатса, ешқандай боқтатпауға, ешкімнің ала жібін аттатпауға, жаман сөздер айтқызбауға уәде береміз. Рамазан айы ғой, барлықтарыңыз бір дұға жасап қойыңыздаршы. Алла разы болсын»,- деді досы Мансар Орынхан.
[:]