[:kz]
Жанар Айжанова қызын ұзатты. Айжұлдыз оң босағадан өз жұртына ұзатылды. Ұзату той үйде өтті. Көпшілік карантинде той жасаған өнер иесін сынап жатыр.
Айжұлдыз Адайбекова ақ келін атанды. Жақын күндері сүйіктісімен қол ұстасқан видеосын жариялап, алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсеткен еді.
Желіде Айжұлдыздың ұзату тойынан үзінді видеолар тарады.
Той әдеттегідей мейрамханада емес, үй ауласында өтті.
Тақия киген Айжұлдыз сәукелесін тағып ұзатылды. Анасы Жанар Айжанованың бұл сәтте салт-дәстүрге сай киінгенін көруге болады. Ол ежелгі қазақ әйелдері секілді кимешек киіп, қызын ұзатты.
Көпшілік тойға құтты болсын айтып, ақ тілегін жеткізіп жатыр. Енді бірі карантин уақытында той жасаған әншіні сын астына алды.
Stan.kz ақпарат агенттігі.
[:]