[:kz]
Мен он екіден асып кеткенін білмейді екенмін. Жаңа жыл емес қой. Он екіні күтіп жүрмейсің.
Күні кеше 27 жасқа толған Төреғали Төреәлі туған күнімен ең алғашқы болып кім құттықтағаны туралы айтып берді. Жаңа жасқа қадам басқан әнші көңілі босап кеткенін де жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесін ең бірінші әкесі ұялы телефонына хабарласып құттықтаған болып шықты.
Төреғали жүрекжарды тілектен соң көзіне жас алғанын да жасырмады.
«Мен 27-ге келіп, көп нәрсені енді түсініп жатқан сияқтымын. Ең бағалы сыйлықтардың қадіріне енді жетіп тұрғандаймын.
Кеше осы жерге дайындыққа кіріп келдім. Әкем «қайдасыңдар?» деп жазып жіберіпті. Сол күнделікті күйбең тіршіліктегі хат қой. Қайда екенімді айтсам, қоңырау шалды.
Мен күнделікті қылып көтердім тұтқаны, сол кезде әкем «туған күніңмен, балам» деген кезде жүрегім босап, жанарымнан жас шығып кетті.
Мен он екіден асып кеткенін білмейді екенмін. Жаңа жыл емес қой. Он екіні күтіп жүрмейсің.
Әкеммен сөйлесіп тұрып, көп нәрсе түсінген сияқтымын. Бір жағынан жеңілдеу екен», — деп ағынан жарылды ол.
[:]