[:kz]
Осы жағдай болғаннан кейін сол үйге жәбір көрген Гүлзираның сіңлісі келіп қалған. Әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен
Түркістан облысында қайын апасы 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірді. Оған келінінің газ плитасын жумағаны себеп болған.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, жәбір көрген Гүлзира Баударбекова есімді келіншектің туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар. Ата-анасынан жастай жетім қалған.
«Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды. Кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы», — деп жазды журналист.
Осы жағдай болғаннан кейін сол үйге жәбір көрген Гүлзираның сіңлісі келіп қалған. Әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен.
Артынша келінінің бетіне шанышқы басқан Бағила есімді қайын апасы видео жариялап, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын айтты.
«Келініме вилка басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен, «неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?» дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды», — деді Бағила Кәрібай.
Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.
[:]