[:kz]
Жапонияда түрлі кейіпкерлер рөліне еніп танымал болған Минато есімді әлеуметтік желі қолданушысы жазылушыларын таңғалдырды. Опа далап пен фотошоптың құдіретін сәтті пайдаланған блогер 30 жастағы ер адам болып шыққан. Оқырмандары әдемі қыздың артында кеңсе қызметкері жасырынғанын білген кезде өз көздеріне өздері сенбеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Odditycentral.com басылымына сілтеме беріп.
Қысқа уақыт ішінде Твиттер әлеуметтік желісінде танымал болған блогерді көптеген желі қолданушсы қолдап, мұндай өзгерістер талантты қажет ететінін мойындады.
Радикалды өзгерістерге күдікпен қарайтындар да табылған. «Мен енді әдемі әйелдерге сенбеймін», — дейді Twitter-дің қолданушысының бірі.
Минато төрт жыл бұрын рөлге кіріп, фото жариялай бастаған. Жапондық сүйікті аниме кейіпкерлерінің образына еніп көргісі келді. Ол сұлулық салонына барып, мамандарға макияж жасатқан. Минато өзінің жаңа бейнесін қатты ұнатып, осы макияж шеберлігін өз бетінше зерттей бастаған.
Аниме кейіпкерлеріне толықтай «айналу» үшін, ер адам жабысқақ таспалардың көмегімен беттің пропорцияларын өзгертуге мүмкіндік беретін париктерді, іш киімдерді қолданған.
Фотолары сенімді болу үшін Минато-сан барлық фотосуреттерін фотошоппен өңдейді.
[:]