[:kz]
Владимир Жириновскийдің жағдайы нашарлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Известия»-ге сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, саясаткер қайтадан медициналық комаға түскен, дәрігерлер оған септикалық шок деген диагноз қойған.
Владимир Жириновский 2 ақпанда COVID-19 инфекциясымен ауруханаға жатқызылды. Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, Либералдық-демократиялық партия жетекшісінің өкпесінің 70 пайызы зардап шекті, бірақ кейін оның жағдайы жақсарған болатын.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]