АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жоғалған туристерді іздегендердің шатқалдарды аралап жүргеніне 13 күн[:]

[:kz]

 

Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен 7 туристің қалған екеуін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Сегізге бөлінген жұмысшы топтар «Сайрам-Өгем» паркіне қарасты тауда түнеп, шатқалдарды аралап жүргеніне 10 күннен асқан. Олар бүгінге дейін 800 шақырымға жуық аумақты жаяу тінтіген. Сондай-ақ, «Казавиақұтқару» АҚ тікұшақтарымен  5 670 шаршы метрді шолып шыққан.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, ҰҚК шекара қызметі, орман шарушылығының мамандары және Өзбекстан Республикасынан 112 қызметкер, 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні «Сайрам-Өгем» паркінің тауларына серуендеуге шыққан 7 азамат жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның үшеуін қиындықтан дін аман құтқарса, екеуінің денесін тапты. Қалғандары іздестіріліп жатыр.

[:]