АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Жұмаққа бара алмайтын болдық. Ербол Мәндібектің президент болуға жасы жетпеді[:]

[:kz]

Өкінішке орай, тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Ербол Мәндібек Қазақстан Президенті бола алмайды. Себебі оның жасы 40-қа толмаған деп хабарлайды  dalainside.kz ге сілтеме жасған altyn-orda.kz

Ал Конституция және Сайлау туралы конституциялық Заң бойынша, Президенттікке үміткерге 40 жас межесі шарты қойылады.

 

Ербол Мәндібек Орталық сайлау комитетіне бүгін құжаттарды тапсырамын деп мәлімдеген болатын. ОСК құжаттарды алуын алады және тіркемей тұрып тексереді. Сол кезде шартқа сай емес деп қайтарып бермек.

ЕРБОЛ МӘНДІБЕК ӨЗ ҮНДЕУІНДЕ “ЕГЕР АЛДА-ЖАЛДА БАЙҚАУСЫЗ ЖЕҢІП КЕТІП ЖАТСАМ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖҰМАҚТАҒЫДАЙ ӨМІР СҮРЕДІ”, – ДЕГЕН ЕДІ.

Енді Қазақстан азаматтары неге Ербол сәл ертерек тумады деп өкініп отыр.

[:]