[:kz]
Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Маңғыстау облысында 17 метр жасанды шырша өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.
Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.Тілсіз жауды ауыздықтауға Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының 5 қызметкері және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Мұнан өзге, түнгі сағат 00:31-де Алматыдағы Жұмалиев көшесінде орналасқан «Grand Asia» бизнес орталығынан түтін шықты.
«Сағат 06:10-да Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының орталығында ұзындығы 17 метр жаңажылдық жасанды шырша өртенді. Өрт 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада
Бір қуанарлығы, өрт кезінде ешкім зардап шекпеген. Өрт сөндірушілері 1-қабаттан 12-қабатқа дейінгі керамогранит астындағы жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтап отыр. Өрт сағат 02:18-де сөндірілген
[:]