АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматы облысында 160 мыңнан астам шетелдік азамат тіркелді

20150911175713Жыл басынан бері 9582 шетелдік азамат жұмыс иммигрантының жеке тұлғаларда жұмыс қызметін жүзеге асыру үшін рұқсаттарын алды, 1702 адам бұл рұқсаттарын ұзартты.

 Бұл туралы Алматы облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Қанат Еселбаев хабарлады.

«Көші-қон үдерістерінің есепке ала отырып, басты күш азаматтардың ҚР-да тұрғылықты мекенжайында қалдыру бойынша өтініштерін қарастыру, Қазақстан азаматтығына қабылдау, ҚР азаматтығына жататындығын анықтау, сондай-ақ  қос азаматтықты анықтау жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған», — деп баяндады Қанат Еселбаев.

6628 шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 424 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының тысқары шығарылды.

«Өткізіліп отырған жұмыстың нәтижесінде, 2015 жылдың 8 айының ішінде қазақстандық азаматтыққа 656 адам қабылданған, соның ішінде соңғы өзгерістерге сәйкес жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа 161 адам қабылданды», — деп қосты Қанат Еселбаев.