АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Түркіге ортақ ақпараттық кеңістік құру қажет

13068-212-t_rk_ge_orta_a_parat_ruКеше Астанада түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің V саммиті өтті.. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, сондай-ақ Қазақ елінің қонағы ретінде Түрікменстан үкіметінің вице-премьері Сапардұрды Тойлиев қатысты.

Саммит барысында Елбасы Н.Назарбаев түркі жұрттарына арналған халықаралық телеарна, қор және түркі тарихының ор­талығын құру қажеттігін айтты. 
Қазақстан Президентінің байламынша, түркі әлемін дамыту істеріне салмақты де­меуші-спонсорларды тарту маңызды. Бұл үшін аталған Кеңес елдеріне арналған бірың­ғай қаржылық қор құру керек. Ол Түркі интеграциясының қоры деп аталуы ықтимал. Тілектестерден, ізгі ойлы іскер­лерден келіп түсетін барлық қаржы сонда қордаланып, орталықтандырылған түрде жұмсалады. 
e9ae97a80bd9f90df932edff6625a1e1-slider1Қазақстан Көшбасшысы саммит қар­саңында түркітілдес мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің оты­рысы өт­кенін, онда Әзірбайжанда құры­латын «Түркі мәдениеті мен мұрасы қо­рының» және Қырғызстандағы Көш­пе­лілер өрке­ниеті орталығына қатысты ше­шім қабыл­данғанын хабарлады. «Аталған институт­тардың барлық қаржылық құжат­тары мақұлданды. Бұл біздің мемлекет­теріміздің өзара интеграцияны дамытуға ұмтылып отырғанын куәландырады. Мен болашақта осы мекемелердің түркі мәде­ниетін дамытуға үлкен үлес қосарына сенімдімін!» деді Н.Назарбаев. 
Қазіргі кезде Қазақстан аумағына түр­киялық TRT және Татарстанның «ТНВ» арналары тарайды. Әрқайсысы өз елде­рінің саясаттарын жүргізеді. 
–Түркі әлеміне арналған ортақ ақпа­раттық кеңістік түзуіміз қажет. Бұл бағытта түркілік арна өте маңызды. Сонымен қатар менің ойымша, түркі тарихы ор­талығының негізін қалағанымыз жөн, – деді Н.Назарбаев. 
Саммит соңында президенттер Декла­рацияға қол қойды. Мемлекет басшылары сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшы­сының орынбасары лауазымына Опер Коджман­ның кандидатурасын бекітті. Ал Гюнай Афандиев жаңа «Түркі мәдениеті мен мұ­расы қорының» президенті болды.
Келесі саммит келер жылы Қырғыз­станда, тамыз айының соңына қарай өтеді деп күтілуде. 

Елдос СЕНБАЙ

http://aikyn.kz/