АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ АРЗАНДАЙЫ

 imagesБүгiн Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» екі заңды қабылдады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасының мақсаты ақпараттандыруды ұйымдастырудың қазiргi заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретiн тиiмдi жүйесiн заңнамалық тұрғыдан енгiзу арқылы қазақстандық қоғамды ақпараттандырудың одан әрi дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Заң жобасында негiзгi ұғымдардың мәнi ашылып, ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң қағидаттары, мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып отыр.

«Әлемде күнделiктi технологиялар өзгерiп жатады. Осыған байланысты барлық елдер заңнамалық базаларын жаңалайды. Мұны бiзге де жасау қажет. Бiз Корея, Австралия, Сингапур, Канада, Финляндия, Малайзия сияқты елдердiң ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәжiрибесiне сүйендiк», – деді ҚР-ы Инвестициялар және даму жөніндегі министрi Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Ә.Исекешев мемлекеттік функциялар мен қызметтерді автоматтандыру мерзімі 3 жылдан 1,5 жылға дейін қысқаранын айтады. Бұдан бөлек, ол мемлекеттiк органдардың интернетпен жұмыс жасау қауiпсiздiгiнiң деңгейi жоғарылайтынын мәлімдеді.

«Абоненттік нөмірлерді ұялы байланыстың бір операторынан екіншісіне тегін ауыстыру ішкі және өзге желіге байланыс бағасын төмендетуге мүмкіндік береді», –  деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, заң жобасы қабылданғаннан кейiн халықтың сауаттылығын арттыру барлық мемлекеттiк органдардың жауапкершiлiгiне кiретiн болады. Бұл жалпымемлекеттiк iске айналмақ.

«Қамшы» сілтейді