Доллар тоқтаусыз өсіп жатыр. Бүгін ақша айырбастау орындарында оның сатылу құны 290 теңгеден асып түсті.
Кеше ғана 284 теңге 50 тиынға жеткен АҚШ валютасы енді осындай бағамды көрсетіп тұр. Алматыдағы ақша айырбастау орындары күні бойы маңдайшаларын бірнеше мәрте іліп, шешкен. Қор биржасында саудасы қыза түскен АҚШ ақшасына сұраныс бүгін ерекше артыпты. 26 қатысушы 90 миллион 800 мың долларды сатып алып, көк ақшаны одан сайын қымбаттып жіберген. KASE-тегі түс ауа саябырсыған сауда 288 теңге 55 тиынға жетіп әрең тоқтады. Ал айырбас пункттерінде 290-нан сатылуда.
http://www.ktk.kz/