АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Германия әскері Ауғанстанда қала бермек

4DCAE995-6311-444A-958A-9A8C76825AE0_cx0_cy6_cw0_w308_h173Германия қорғаныс министрі Урсула фон дер Лейен Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласында орналасқан неміс әскери қызметкерлерімен кездесті. Мазари-Шарифке қонар алдында дер Лейен журналистерге «Басты әңгіме — біз Ауғанстанда қаламыз» деп мәлімдеді.

Мазари-Шарифте НАТО-ға мүше 21 елдің бір жарым мыңға жуық әскери қызметкері орналасқан. Олардың көпшілігі — немістер. Германия бұл елдегі әскерилер санын 850-ден 980-ге дейін көбейтуді және ауған сарбаздарын әскери дайындықтан өткізу бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Өткен аптада НАТО мүшелері  бұған дейінгі әскердің бір бөлігін алып кету жоспарына қарамастан жаңа жылдан кейін әскерилер бұрынғы құрамда қала беретінін хабарлаған.

Қазан айында Вашингтон Ауғанстандағы әскери миссиясын ұзартатынын хабарлаған. Мұның алдында 2016 жылдың соңына дейін тек АҚШ елшілігі жанында шағын ғана әскер қалады деп жоспарланған еді. НАТО негізгі әскери операцияларын аяқтаған 2014 жылдың желтоқсанынан бері Ауғанстанда астыртын топтар белсенділігін күшейткен. Ауғанстанда болған 13 жылында кейбір жылдары Германия әскерінің саны 5350 адамға дейін жеткен.

http://www.azattyq.org/