АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

СЕРГЕЙ ТЕРЕЩЕНКОНЫҢ «SCATЫ» СЫНАҚ АЛАҢЫ МА?

565fd078618081501685_499871106799096_109908656_nҚазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Сергей ТЕРЕЩЕНКО қожайыны болып табылатын «SCAT» әуе компаниясының  (аталмыш компиания 2097 ж. 2-шілдеде Шымкент қаласында тіркелген) тағы бір ұшағы апатты жағдайда Алматы әуе жайына қайтып келіп қонды.

Мұның алдында Алматы әуежайынан 2015 ж. 2-қарашасында таңғы сағат 11.30 да ұшып шыққан аталмыш компанияның 713- реисі Балқаш көліне жете бере ұшақтан шыққан апатқа байланысты Алматыға кері оралуға мәжбүр болған. Мынадай үрейлі жағдайды бастарынан кешкен ұшақта отырған жолаушылардың жәй-күйі туралы айтпай-ақ қояйын…

Бұл «SCAT» әуе компаниясында орын алған бірінші апатты жағдай емес. Ана жылы осы компанияның бір ұшағы Көкшетау жақта жерге құлап, апатқа ұшырағаны белгілі.

Жалпы әуе компаниясы ұшақтары жиі апатты жағдайға ұшырайтынын жолаушылар жақсы біледі.

Сонда деймін-ау, Сергей Терещенко мырза әр елде ешкімге керегі болмай қоқысқа тасталған ескі ұшақтарды Қазақстанға әкеліп, біздің  жолаушылардың төзімін сынап көрмекші болғаны ма?

Басқаша, С.Терещонканың бұл қылығын қалай түсінуге болады.

Жұмаш Көкбөрінің «Фейсбук» парақшасынан

http://qamshy.kz/