Орталық әскери округ әскерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары генерал-полковник Александр Дворников “Российская газета” басылымына берген сұхбатында ресейлiк әскердiң Сириядағы әскери қимылдары туралы айтқан. Ол сириялық әскерде “тактикалық буын деңгейiне дейiнгi” әскери кеңесшiлердiң барлығын және арнайы жасақтың барлауға қатысатынын мойындаған.
“Сирия аумағында бiздiң арнайы жасақтың әрекет ететiнiн жасырмаймын. Олар ресейлiк әуе күштерi үшiн барлау мәлiметтерiн дайындайды, шалғай аудандарда ұшақтарды нысаналарға бағыттайды, басқа да айрықша тапсырмаларды орындайды”, – дейдi А.Дворников. Ол сонымен бiрге Сирияда АҚШ-пен коалициядағы өзге елдердiң де арнайы жасақтарының әрекет ететiнiн айтты. Жалпы, Ресейдiң Сириядағы әскери операциясы жарты жылға жуық уақытқа созылды. 2016 жылы 14 наурызда В.Путин ресейлiк әскердiң бiр бөлiгiн елден шығаратыны туралы мәлiмдедi. Оның айтуынша, Сириядағы әскери шараның құны 33 млрд рубль болған.
http://zhasalash.kz/