[:kz]
«Жас қазаққа» мәлім болған ресми емес ақпаратқа қарағанда, белгісіз адамдар Алматы қаласындағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына автоматтан оқ жаудырған. Адам шығыны жоқ. Алайда дәл осындай жағдай қаладағы Төлеби мен Абылай хан даңғылының қиылысқан жерінде де орны алды.
Оқиғаға куә болғандардың айтуларына қарағанда, бірнеше полиция қызметкері қаза болған. Бір полицейді «Жедел жәрдем» қызметі алып кеткен. Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі аралығында іркес-тіркес соқтығыса тоқтаған екі автокөліктің біреуі полиция көлігі. Көліктің айналасы қып-қызыл қан. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы кеңсесіне таяу маңда апатқа ұшыраған бірнеше шетелдік автокөлік тұр. «Қаланың бірнеше аумағынан әлі де болса дүрсін-дүрсін суық қару дауысы шығып жатыр. Қалаға жақын маңдағы Өтеген батыр кенті мен «Жұлдыз» ықшамауданында да жоғарыдағыдай оқиға орын алған» деген ақпаратты «Жас қазақтың» ІІД-дегі ақпарат көзі жоққа шығарды.
— Қазіргі кезде оқыс оқиға орын алған аумақтарды жергілікті полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы толық бақылауға алған. Қаладағы бірнеше көшеде жаяу және автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Ал осы кезде Антитеррорлық орталық Алматыдағы ІІАБ және ҰҚКД жасалған шабуылға байланысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «Жас қазақ» тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 18.07.2016 жылғы сағат 12.20-дан бастап, Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.
«Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қазақсатн Республикасы Президентінің 2013 жылы 9 тамыздағы №611-ші Жарлығымен бекітілген, ақпараттарға мемлекеттік мониторинг жасау және лаңкестік қауіптіліктің туындауы туралы тұрғындарды хабардар ету жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қабылданды» — делінген ҰҚК-нің сайтында.
[:]