АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақпал Исабекова әріптесі Әдеміні ұятқа қалдырды (фото)[:]

[:kz]

Мақпал Исабекова осыдан 13 жыл бұрын түсірілген естелік суретін бөлісті. Аталған суреттегі әншілердің сырт келбеті мен қазіргі дене бітімін салыстыру мүмкін емес. Себебі, айтарлықтай өзгеріс бар.

13741031_1568245700144763_72243080_n

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Исабекова мен әнші Әдемі мансап жолдарын Superstar.kz жобасынан бастаған. Қос әншінің аталған жобаға қатысқандарына 13 жыл болды. Бүгін Исабекова сол кезде түскен суретін бөлісіп, арада көптеген өзгерістің болғанын меңзеді. Соның бірі – өзі мен Әдемінің сырт келбеті.

“Бұрын әлеуметтік желі деген ұғым болмады. Әркім өзі қалағанша өмір сүретін. Мұнымен қатар, комплекстер деген ұғым да болмады. Ешкім де саусағымен көрсетіп тұрып “Сен семізсің” деп те айтқан емес. Уақыт өте келе сен мінезіңді, құндылықтарыңды, киім мен аксессуарларға деген талғамыңды, қоршаған ортаңды, дене сымбатыңды өзгертесің.

000

Арада 13 жыл өтті. Бірақ білесіздер ме, мен расымен семіз болдым! Барлығы да осылай болуы керек еді. Ең бастысы, өмірімізде қандай жағдай болса да, адамгершілік таныту. Бұрынғы сырт келбетімізден ұялудың қажеті жоқ. Ситуацияға дұрыс баға беруіміз керек. Мақпал, естелік үшін рахмет”, – дейді Әдемі.

Әнші суреттегі сырғаларын әлі күнге дейін сақтап жүр екен. Желі қолданушылары бастапқыда Әдеміні танымай қалғандарын айтты. Десе де, оның комплекссіз адам екеніне қайран қалды. Мұнымен қатар, арасында әншіні пластикалық операция жасатып алған дегендер де болды.

“Мәссаған! Сіздерді танымай қалдым”, “Әрине, бұрынғы сырт келбетіңізден ұялудың қажеті жоқ. Бірақ бұл тұста Мақпал сізді аяқтан шалған сияқты”, “Дәл қазір сондай сұлусыз”, “Сырғаларыңызға сөз жоқ”, “Сізбен толықтай қосыламын! Жарайсыз!”,

“Мұрныңызды өзгерткен сияқтысыз әлде маған солай көрініп тұр ма?” дейді желі қолданушылары. Әнші тыңдармандарының Мақпалға қатысты пікірінен кейін оның өзінен рұқсат сұрағанын айтты.

http://stan.kz/

[:]