АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құтқарыңыздаршы! Күйеуінен әбден қорлық көрген әйел халықтан көмек сұрайды[:]

[:kz]

14344290_133180727138077_7805582326806855474_nБаян Есентаеваның басынан өткен оқиға елімізде әйелдерге әлемжеттік жасау әрекеттері өршіп тұрғанын көрсетіп берді. Әрине, бұл туралы барлығы айқайлап айта бермесі анық. Баян сол оқиғадан кейін «елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын ұйым құрамын» деген. Жалпы, сол оқиға көптеген нәзік жандылардың басындағы проблемасын ашып айтуға түрткі болған сияқты.  

Солардың бірі – Гүлмира Қабышева есімді қазақ әйелі. Жанайқайын әлеуметтік желіде жазып, жұрттан көмек сұрапты. Күйеуінен әбден қорлық көрген екен. Күйеуі оны өзімен бірге тұруға мәжбүрлепті. «Ажыраспайсың» деп, 5 ай бойы үйқамақта ұстаған! Байқаймыз, мұның өзі қылмыстық іс қозғауға себеп болатын дүние. Алайда алдымен зорлық көрген әйелдің жазбасын оқиық. 

«Иә, бұл мен ( төменде суретті қараңыз).  Танымай қалдыңыздар ма? 5 ай бойы көрмеген қорлығым, тартпаған азабым жоқ. Зорлықтың небір түрін бастан өткердім. Ол уақытта күйеуім екеуіміз ажырасып кеткенбіз. Осылайша, бұрынғы күйеуім маған өзінің мені әлі де «сүйетінін» дәлелдемек болды. 

Сол жақтағы сурет – күйеуімнің жұдырығынан қашып құтылуға тырысқан түрім. Ол мен Ақтауға кетпей тұра, бір күн бұрын үйімнің есігін бұзып кірді. 30-сәуірден 1-мамырға қараған күні болатын. Есікті бұзып кірді де көгала қойдай қылып сабады. Денемнің сау жері қалған жоқ. Қашып құтылдым. Бәрібір де тауып алды. Аяғымды сындырып тастады. Артынша күштеп, қинап Ақсайға (Ақтөбе жақтағы елді-мекенді айтып отырған болуы керек, ред.) алып кетті. «Үн шығарсаң, тірі қалмайсың. Өлтірем» деді. 

Мені тұтқын қылды. Тұтқын ретінде ұстады. Сыртқы әлеммен байланысым болған жоқ. Бәрін тартып алды.

Аяғым сынғанын айтқанмын. Гипсті шешіп тастағаннан кейін бір жарым ай өткесін тағы да қашып кеттім. 

29-шілде күні шешем мен балаларым бар Астанаға келдік. Бірақ, тағы да тауып алды. Бізді жетер жерімізге жеткізіп тастаған таксистер айта салыпты. 

Анығында, ол мені Ақтөбедегі вокзалдан бері қарай аңдып келген екен. Біздің жалға алған пәтерімізге дейін тауып алып, тағы да есікті бұзып кірді. Бармаймыз дегенімізге қарамай, зорлықпен Ақсайға алып кетті. 

Шешемнің алдында ұялған болуы керек, қол көтерген жоқ. Өзінше сыпайы бола қалды. Алайда шешемді Ақтөбеден түсіре сала, дәл осы Ақсайға бет алатын трассада, мені тепкінің астына алды. Шоқпардай жұдырығымен бетімнен ұрғанда, есімнен танып қала жаздадым. 

Тағы да тұтқын қылды. Телефонымды, ноутбукты, барлық құжат атаулы мен кілтті тартып алды. Шамамен бір айдан астам уақыт мені үйқамақта ұстады. Осы уақыт аралығында мен оның әйелінің рөлін сомдадым. Ал негізінде, екеуміз ресми ажырасып кеткенбіз. 

2 рет қашып кетейін деп едім, мұнымнан түк шықпады. Ол мені бәрібір де тауып алып, тепкілеп тастады. Өзімен бірге тұруға мәжбүрледі. Соған қарамай, мен тағы да қашып кеттім. Осымен 3-ші рет. Ол мені іздеп жүр әзір. 

Бұл адам айуан. Нағыз айуан. Нағыз маньяктың өзі. Есі дұрыс әйел онымен бірге тұра алмайды. Тәуекел дедім де, одан үшінші рет қашып кеттім!

Ол мені тағы да іздеуге көшіпті. Білмеймін, кімнен көмек сұрарымды. Балаларым мен олардың жүйке жүйесіне үлкен соққы болып жатыр…»

365info.kz Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар

[:]